«ӨЛЕҢ, МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ!»

 Аудандық кітапхананың оқу залында қараша   айының  25  күні  Хромтау аудан әкімдігінің қолдауымен  Хромтау   аудандық  мәдениет  және  тілдерді  дамыту бөлімі  ММ және Хромтау аудандық орталық кітапханасы ақын  Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай  «ӨЛЕҢ МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ!»  атты аудандық Фариза оқулары  байқауын ұйымдастырып өткізді.Байқаудың мақсаты: қазақ поэзиясының классигі, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттау, жас таланттардың шығармашылығын қолдау. Байқауға  қалалық, ауылдық мектептерінен,мекемелерден  32  үміткер қатысып, әділқазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде- Тасөткел орта мектебінің оқушысы Мұхамбетжан Айтолқын, I орынды  №5 Хромтау гимназиясының оқушысы Жалғас Дильназ, II орын- Майтөбе орта мектебінің оқушысы Алпамыс Жансая, III орын - Бөгетсай мәдениет үйінің  көркемдік жетекшісі Жиенбаева Несібелі иеленді. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, дипломдар  тапсырылды. Екі арнайы сыйлық –Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенті Мурзагулова Заринаға және №6 Хромтау гимназиясының оқушысы Шанбаева Айданаға берілді. Сонымен қатар, аудандық кітапхана атынан 11 қосымша сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушыларға  алғыс хаттар,естелік сыйлықтар  табысталды. Марапаттау рәсіміне қатысқан  аудан әкімінің орынбасары Қосымбаева Меткүл Ораққызы және  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту…

0 комментариев

\»Жастар және кітап\»

 Аудандық кітапхананың оқу залында 14 қараша күні Жастар жылына арналған «Жастар және кітап » атты зияткерлікті танытар интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа №5 Хромтау-гимназиясы «Шамшырақ» тобы , №3 Хромтау орта мектебі «Жалын»тобы, Хромтау тау-кен техникалық колледжі «ЖасStar» тобы, Ақжар орта мектебі «Ақжар жастары» , Нұрлы-көш орта мектебі «Білімділер» қатысты.Сайыс 4 кезеңнен тұрды: «Сәлем-сөздің анасы»,« Кітап туралы толғау», «Жастар-кітап әлемінде», «Тосыннан тапсырма,тосылған тапқыр ма?»Әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Шамшырақ» тобы - 1 орынды,«Жалын»тобы -2 орынды, «Ақжар жастары» - 3орынды жүлдесе, «ЖасStar» тобы мен «Білімділер» тобы алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен бірге, «Шамшырақ» тобына «Ең үздік оқырман жастар 2019 жыл» мүсінше табыс етілді.Шара соңында кітапхана директоры А. Ж.Таимова қатысушылар мен сайысқа дайындаған мұғалімдерге ризашылығын білдіріп , дипломдар, естелік сыйлықтар, алғыс хаттар табыс етті.        

0 комментариев

«Балалар әдебиетінің атасы»

1 қараша күні аудандық кітапханада балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың 95 жылдығына арнап«Балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби танымдық сағаты өткізілді. Танымдық шараны кітапханашы Жиембаева Т.С. жүргізіп, оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталды. «Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінділер көрсетіліп, Қожа маған қандай мінезімен ұнайды ?-деген тақырыпта өз ойларын айтып, пікірталасқа түсті. Әдеби танымдық сағат «Бердібек атаға арнау» өлеңін мәнерлеп оқумен аяқталды.       

0 комментариев