«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай аудандық кітапхананың оқу залында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға кітапхана саласында көп жыл еңбек еткен ардагер кітапханашылар және тұрақты зейнеткер оқырмандар шақырылды. Шара барысында аудандық кітапхананың қызметкері Мұратқали.А.Н орындауында «Қазақ биі», музыка мектебінің оқушылары Мырзабек Жадыра, Казиева Томиристың орындауында «Зимняя сказка» әні мен музыка мектебінің оқушылары «Балбырауын» мен «Адай» күйлерін нақышына келтіре орындап қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады.Қонақтар ұйымдастырушыларға, бүлдіршіндерге өздерінің ризашылықтарын білдіріп,ақ баталарын берді.Кітапхана директоры А.Ж. Таимова шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар тарту етті. Кеш соныңда мерекелік дастархан жайылды.       

0 комментариев

«Бірге оқысақ – көп білеміз»

 20 қыркүйекте аудандық кітапхана қызметкерлері №8 балабақшаның ересектер тобымен «Бірге оқысақ – көп білеміз» атты кітапханалық сабақ өткізді. Балалар өздеріне қойылған мынадай сұрақтарға белсене жауап берді: Ата-аналары оларға кітап оқып бере ме? Қандай ертегілерді біледі? Кім қазірдің өзінде өзі оқи алады және басқалар. Бұдан кейін кітапханашы Жиембаева Тамара Сагирқызы белгілі ертегілер бойынша шағын викторина өткізіп, өзімен бірге алып келген кітаптармен таныстырды. Балалар өздеріне арналған көркем суретті кітаптарды қызығушылықпен аударыстырды. Кітапхананың балабақшаға келуі, бірлесіп оқуы өте тиімді әрі қызықты болатынын көрсетті.       

0 комментариев

\»Ана тілім-асыл қазынам\»

 19 қыркүйек күні аудандық кітапхананың оқу залында 22 қыркүйек- Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесіне байланысты, мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында \"Ана тілім-асыл қазынам атты танымдық сағаты болып өтті. Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға , қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға №2 гимназияның 5-6 сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар ақын-жазушылардың тілге байланысты өлеңдерін мәнерлеп үш тілде оқыды.       

0 комментариев