Онлайн шаралар

Онлайн шаралар-уақыт талабы Кітапхана – оқырманның рухани талап – тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Осындай оқырманға жан-жақты қызмет көрсететін Хромтау аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі елімізде болып жатқан пандемияға байланысты  қашықтық режімінде оқырмандарға онлайн қызмет көрсетуде.Қазірде жастар кітапханаға бармайды дейтін пікірлер  жиі айтылып жатады. Ал бүгінгі күні карантин уақытында керісінше балалар, жасөспірімдер,ересек оқырмандардың   кітапқа оқуға деген қызығушылығы артты деп айтуға болады.  Тіпті, оқырмандардың басым бөлігін жастарды құрайды. Жеңістің 75 жылдығына ұйымдастырылып өткен «Соғыс туралы -75 өлең» атты онлайн марафонға қатысушылардың  белсенділігі өте жоғары болды. Оның бір айғағы аталмыш марафонға еліміздің түпкір –түпкірінен яғни Астана, Атырау, Семей, Қарағанды, Байқоңыр, Ақтөбе облыстарынан  және көршілес   жатқан Ресей мемлекеті, Орынбор қаласынан  қатысты. Елдегі төтенше жағдай жарияланған күннен бастап күні-түні адал қызмет етіп жүрген бірден бір сала ол –медицина қызметкерлері екенін барлығымыз білеміз. Біз осы орайда кітапхана қызметкерлері  адал еңбектерін ескеріп «Ақ халатты абзал жандарға арнаймыз»онлайн -челлендж арқылы  алғысымызды білдірдік. Хромтау ауданының – 85 жылдығына байланысты «Туған жердің жусаны жұпар» айдарымен эссе байқауы ұйымдастырылып…

0 комментариев