2021 жыл кітаптары анықталды

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жас өспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау. 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімін ұсынамыз.   Поэзия 1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан». 2.Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным». 3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап». 4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы». 5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары». 6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».   Проза 1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі». 2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы». 3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр». 4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет». 5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ». 6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».…

0 комментариев