Талғат Мұсабаев 70 жаста

Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы, 1951 жылғы 7 қаңтарда Қазақ КСР Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы кентінде дүниеге келген.  1974-1993 жылдар аралығында ұшқыш мамандығы бойынша бірнеше оқу орнын оқып бітірген. Талғат Мұсабаев «Союз-ТМ» ғарыш кемесімен қатарынан үш рет ғарыш әлемін бағындырды. Ол ғарышта ең алғаш рет 1994 жылы 126 тәулік, 1998 жылы Екінші сапарында 208 тәулік және 2001 жылы жасаған соңғы сапарында 8 тәулік болған. Бұл – ғарышта болу ұзақтығы бойынша қазақ ғарышкерлері арасындағы тұңғыш рекордтық көрсеткіш болып саналады.   Ол ғарыш стансасынан тыс ашық ғалам аясында жалпы мерзімі 41 сағат 21 минут болған. Гиннестің үздік табыстар кітабына бір айдың ішінде 5 рет, барлығы 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны үшін есімі айшықталып жазылған.   ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып 2017 жылы Президенттің Жарлығымен сайланған. Осы орайда  оқырмандарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Хромтау аудандық балалар кітапханасы \"Мен ғарышкер боламын\" атты онлайн шолуды  khromtau_kitapkhana инстаграмм парақшасында жариялады.  Толық ақпаратты сілтеме арқылы көре аласыздар-  https://www.instagram.com/tv/CKib7HanwBJ/?igshid=1beqmwbfiw9kk  

0 комментариев

2021 жыл кітаптары анықталды

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жас өспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау. 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімін ұсынамыз.   Поэзия 1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан». 2.Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным». 3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап». 4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы». 5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары». 6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».   Проза 1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі». 2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы». 3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр». 4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет». 5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ». 6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».…

0 комментариев