18 НАУРЫЗ — БЕРЕКЕ КҮНІ

2021 жылдың 18 наурызында Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен ауылдық кітапхана қызметкерлері арасында «Бір мемлекет, көп ұлт, түрлі тағам» атты ұлттық тағамдар байқауы өтті. Байқауда Ақтөбе облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мамбетова Сара Ералиевна, дамыту бөлімінің меңгерушісі Джарылгапова Роза Макаевна, Қарғалы аудандық кітапханасының әдіскерлері Қартбаев Қанат Талапбайұлы,Байсеупова Анар Асылхановна, аспаз-кулинар,зейнеткер Куртаева Гульсум Оразаевна,Хромтау аудандық музейінің директоры Аманғалиева Нұргүл Жалмұратқызы әділқазылық етті.    ТОЛЫҚ НҰСҚА: https://goo.su/4qJ0  

0 комментариев

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР-ҰЛТ ИГІЛІГІ

16 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Өркен күніне байланысты «Ұлттық ойындар-ұлт игілігі» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Ұлт мұрасын дәріптеген бұл шараға №3 мектептің 4 сынып оқушылары ұлттық спорт түрлері бойынша сайысты. Оқушылар қол күресі, асық ату және арқан тарту сайысына қатысып күштерін сынасып, мергендіктерімен сынға түсті. Сайыс соңында ұтыс билеті ойнатылды. Бейнеролик: https://goo.su/4qJ0

0 комментариев