Кітапханаға саяхат

Сәуір айының 19 жұлдызы күні қаламыздағы № 7 орта мектеп-гимназиясы жоспар бойынша балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау жылына орай Хромтау аудандық кітапханаға саяхат жасады. Атаулы шара ZOOM платформасымен онлайн ұйымдастырылып өтті. Шара барысында қатыстырылған жоғарғы класс оқушыларына кітапхананың барлық бөлімдерінің жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Жаханова жасөспірімдерге арналған кітаптарға шолу жасады. 

0 комментариев

\»Балаларға соғыс туралы оқимыз\» челлендж

9 мамыр Ұлы Жеңіс қарсаңында аудандық балалар кітапханасы \"Балаларға соғыс туралы оқимыз\" атты челенджді іске қосады. Ұлы Отан соғысы туралы көркем әдебиеттің үздік шығармаларын мысалға ала отырып жас ұрпақты азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Челенджді бастайтын Көктау ауылдық кітапханасының кітапханашысы Эльмира Тұрғанбаева. В канун Дня Победы в Великой Отечественной войне районная детская библиотека запускает челендж \"Читаем детям о войне\". Цель-поддержка детского чтения, воспитание гражданственности и патриотизма у детей на примере лучших образцов литературы о войне для детей. Челендж начинает библиотекарь Коктауской сельской библиотеки Эльмира Турганбаева.  \"Балаларға соғыс туралы оқимыз\"

0 комментариев