“Ұлт намысының қамшыгері” атты тарихи-танымдық сағат

2021 жыл-Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай 24 қыркүйек күні аудандық кітапхана қызметкерлері №7 мектеп-гимназиясының коворкинг орталығында, батыр, қолбасшы Исатай Тайманұлының 230 жылдығына “Ұлт намысының қамшыгері” атты тарихи-танымдық сағат өткізді.Шараның мақсаты: Өз елінің тарихын құрметтеу, ел қорғаған бабалардың ерліктеріне тағзым етуге тәрбиелеу; И. Тайманұлының еркіндік жолындағы күресі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру және қазақтың біртуар ұлы Исатай Тайманұлының өмірі, ерлік жолы туралы мол мағлұмат беру.Шараға 8 сынып оқушылары, мектеп кітапханашысы Жақсыбай Қымбат ,мұғалімдер қатысып,ой пікірлерімен бөлісті.Қатысушылар назарына «Қазақтың халық батыры» атты кітап көрмесіне кітапханашы А.Жаханова библиографиялық шолу жасап, кітапханаға кітап оқуға шақырды.

0 комментариев