Көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы

Бүгін аудандық кітапхананың оқу залында асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген халық ақыны, жазушысы, Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.
🔸Байқаудың мақсаты: Жас ұрпаққа Мұхтар Шахановтың қуатты да көркем шығармаларын насихаттау, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу,отансүйгіштікке тәрбиелеу,
Байқауға мұғалімдер, кітапхана қызметкерлері,ауылдық және қалалық мектептерден 20 талапкер қатысты.
🔸Байқаудың шарттары:
«Ана тілім – мәңгілік бойтұмарым» эссе жазу.
Мұхтар Шахановтың шығармашылығынан 1 өлең оқу.
🔶 Әділқазылар алқасының шешімі бойынша I орынға №5 Хромтау гимназиясының 9 класс оқушысы Жолдасқалиева Ақтолқын, ,ІІ орынға Нұрлы көш орта мектебінің 9 класс оқушысы Қалдыбекова Айжан,Тасөткел орта мектебінің 8 класс оқушысы Әріп Инабат,ІІІ орынға Сәтбаев орта мектебінің 9 класс оқушысы Қуанышбай Мейіржан, №7 Хромтау мектеп гимназиясының №7 Хромтау мектеп гимназиясының 8 класс оқушысы Тишбаев Ерасыл, №5Хромтау гимназиясының 9 класс оқушысы Тәуекелова Асемай ие болды. Сонымен қатар, №3 Хромтау орта мектебінің 9 класс оқушысы Думан Самал, №4 Хромтау орта мектебінің 10 класс оқушысы Есенғали Рабиябегім, Тасөткел орта мектебінің оқушысы Мұхамбетжан Назеркеге көрермендер көзайымы номинациясы берілді. Байқау нәтижесі бойынша қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлақтармен марапатталды.

 

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021