Ақпараттық бюллетень — 2014

Аманжолов Д.А.Алаш:исторический смысл
демократического выбора/Историческая монография. — Алматы:Изд.дом «Таймс», 2013-400
с.

Монография посвящена историческим урокам демократического
выбора и демократической практики движения Алаш (1900-е-1920-егг.). Дополняя и
углубляя ранее проведенный анализ истории Алаш, автор акцентрирует внимание на
культурной деятельности лидеров и структур движения от зарождения до
завершающей стадии.

Книга адресована историкам, преподавателям, студентам, а
также всем читателям, интересующимся историей своей страны.

Кітап Ұлы Дала аталған ұлан-ғайыр кеңістікте өмір сүрген
байырғы қағанаттар мен ұлыстардың тарихына қызығушы барша оқырманға арналған.

 

Дулатбеков, Н. Алаш ардақтылары: Санкт-Петербург іздері[Мәтін]
/ Нұрлан Дулатбеков.-Алматы: Таймас, 2013.- 240 б.

Кітапқазаңғылымдарының докторы,
профессорН.Дулатбековтің ХІХ-ХХ
ғасырлар тоғысында Санкт- Петербургуниверситетінде білім алган бір топАлашардақтыларыныңөмірі менқайраткерлігіне қатысты
біраз жылдардан бері тұрақты зерттеп, жазып, жариялап келе жатқан мақалалары
топтастырылған.

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Орталық музей қорындағы шығыс монеталары: шағатай монеталарының
Алматы көмбесі. Иллюстрацияланған ғылыми каталог.1-том.1-кітап.(қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде), Алматы: «Өнер», 2013. — 320 б.

Ғылыми-инвентарлық каталогтың 1-томының бірінші кітабына
690 сақтау бірлік шағатай монеталары кіріп отыр. Барлығы күмістен жасалған. Монеталардың
соғылған уақыты — 13 ғ.соңы- 15 ғ. 30-жылдары. Каталог материалы Шағатай
Ұлысындағы ақша-тауар қатынасын ғана емес, сондай-ақ, саяси құрылым мен саяси
қатынас жүйесін де зерттеуге аса қажетті дерек болып табылады.

Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық
анықтамалық. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.Т.2.-616 б.

«Қазақстан
ғалымдары» энциклопедиялық анықтамалығының 2- томында Қазақстанда дүниеге келген,
осы жерде ғылыми еңбек атқарған,қазақ ғылымының басында тұрған тұлғалар, Қазақстан
Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшелері және аса көрнекті
ғалымдар,ғылым докторлары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, белгілі ғылыми
мекемелердің басшылары, қазіргі замандағы ғылыми ортаға өзіндік тәртіппен, әлпби
бойынша берілген. Энциклопедиялық мақала әр ғалымға арналып,жеке суретімен
толықтырылған.

Бұл басылым Қазақстаг ғылымының дамуына үлес қосқан
ғалымдардың өмірі мен ғылыми бағыты және толымды табыстары туралы білгісі
келетін қалын оқырманға арналады.

Қазақтың
этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атуларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия.
— Алматы:РПК «СЛОН», 2013(қазақша,орысша,ағылшын тілдерінде)Т.4:Қ-О.-736
бет,илл.

Басылым қазақы(көшпелі)ортадағы қоғам,адам және қоршаған
табиғи ортаның арасындағы сан-салалы қатынастардың
субъектілерін,объектілерін,сондай-ақ, осы қатынастардың жүзеге асырылу жолдары
мен механизмін бейнелейтін этнографиялық категориялар,ұғымдар мен атауларды
қамтиды.

Энциклопедия
ғалымдарға, жоғарғы және арнайы орта білім саласының мамандарына, қалын
көпшілікке арналған.

Михайлов В.Ғаламат жұт шежіресі: деректі хикаят.- Алматы: мектеп, 2013.-296
бет.

Өткен ғасырдың 30-жылдарының басында Қазақстанда адам
айтқысыз ауыр трагедияның болғаны белгілі. Ғасырлар бойы көшпенді өмір сүріп
келген қазақ жұртын ешбір дайындықсыз, қысқа мерзім ішінді отырықшылық жағдайға
көшіруді қолға алған ойы шолақ, ісі олақ саясаткерлердің оспадар әрекетінің
салдарынан қазақ даласын жайлаған жаппай аштық пен ауру-індеттен жергілікті
халықтың үштен бірінен көбірегі жойылып кетті. Қолдан жасалаған жұт
құрбандарының арасында қазақ жеріне зорлап көшірілген ресейлік шаруалардың қаймағы
дерлік көптеген басқа ұлт өкілдері де болды.
Алпыс жылдан астам уақыт бойы жабық болған бұл тақырыпқа алғаш рет қалам
тартқан қазақстандық жазушы В.Михайловтың 1992 жылы қазақ тілінде «Ұлы» жұттың
жазбалары» деген кітабы жарық көрген еді. Автор оны толықтырып, 2008 жылы орыс
тілінде қайтадан шығарды. Қолдарыңыздағы кітап осы соңғы нұсқаның негізінде
ықшамдалып аударылды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев: Елмен
сырласу.-Астана:-Күлтегін баспасы, 2013.Т.14.-272 б.

«Елмен сырласу»-Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің негізін
қалаушы, оның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың халық алдындағы тарихи парызын
терең сезіне білетін азаматтық жауапкершілігін,тұрақтылық пен ұлтаралық татулық
идеясын Қазақстан аясында ғана жүзеге асырып қоймай, әлемдік деңгейге көтерген
көрегендігін, әлемдік деңгейдегі қайраткерлігін айқара ашып көрсететін көп
томдық шығарма.

Басылымда Н.Назарбаевтың қоғам дамуының 1997 жылдың
екінші жартысындағы өнегелілікпен өрілген баяндамалары, мәлімдемелері, ақпарат
құралдары өкілдеріне берген сұхбаттары,оқыған дәрістері енгізілген.

Кітап
тарихшыларға,саясаттанушыларға,саясатшыларға,жоғарғы оқу орындарының
оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ өз елінің тарихын танып білуге зейін
қойған жалпы оқырмандарға арналған.

Салғараұлы Қ. Ұлы дала.-Астана:Фолиант,
2013.-520 бет.

Көне дүние
тарихының білгірі, жазушы-ғалым Қойшығара Салғараұлының «Ұлы дала» атты жаңа кітабы ежелгі және ортағасырлық
далалық империялардың тартысы да талайлы тарихының жаңаша көзқараспен
жазылуымен құнды. Туынды терең пайымдаулар мен байыпты да батыл әрі тосын
тұжырымдарымен ерекшеленеді. Еуроцентристтік бағыттағы көзқарасарды
қалыптастырған ғалымдардың еңбектерінің ақ-қарасын саралай келіп, бұрынғы
қағидалардың шеңберін бұзып, соны пайымдауларға жол ашады. Зерттеу нысанына
айналып отырған тақырыптқы байланысты басқа да ғалымдардың ой-пікірлерін талдап
қана қоймай, тарихи түпнұсқа деректерді өзара салыстырып, автордың өзі тың әрі
тиянақты дәлелдер келтіреді. Есте жоқ ерте замандағы ата-баба тарихының
қалтарыс-бұлтарыс тұстарын сүзе қараған автор еңбегінің тілі жеңіл, көркем.

Трагедия казахского аула.
1928-1934: сб. док /Сост. А. С. Зулкашева, Г. Т. Исахан, Г. М. Каратаева. –
Алматы: Раритет, 2013.

В результате волюнтаристского подхода при проведении
социально-экономических реформ в Казахстане: конфискации имущества баев 1928
г.; насильственной коллективизации и ликвидации байства 1930–1931 гг.,
вызвавших массовые восстания и откочевки; принудительного «оседания» населения
в Казахстане нарастал голодный кризис. Гуманитарная катастрофа начала 1930-х
гг.: вымирание от голода и связанных с ним эпидемий, вынужденные миграции
обернулись потерей более чем сорока процентов казахского этноса. В данном издании
представлены документы центральных государственных архивов Республики
Казахстан, характеризующие начальный период трагедии казахского аула.
Публикуются документы о положении Казахстана в период свертывания НЭПа,
усилении административного нажима в области заготовок, налогообложения и пр.

Специальный раздел посвящен конфискации имущества крупных баев, что стало
первым шагом в разрушении создававшейся веками системы кочевого аула. В целом
документы дают представление о нарастании карательно-репрессивной политики
государства в отношении граждан в этот период.

Уатқан Ботагөз. Атажұртқа жеткен
көш:Публицистика./Ботагөз Уатқан.-Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
«Атажұрт» баспа орталығы,2013 ж.- 192 бет+32 бет сурет.

Бұл кітапта
тоқсаныншы жылдардың басында Моңғолиядан атажұртқа бет алған алғашқы көш
жөнінде сөз етіледі. Мұның өзі еліміз тарихындағы тұтас бір жаңа кезеңнің
басталуы іспетті оқиға еді. Кітапқа осы көшті ұйымдастырушылардың бірі болған
автордың тізбектемелік, анықтамалық деректерге бай естеліктері мен мақалалары,
сұхбаттары енген. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.


                                               Саясат. Саяси ғылымдар

 

Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы.

15 т. 1998 жыл:
хроника, оқиғалар, айғақтар.-Астана: Күлтегін, 2013.-207 б.

Әлем Қазақстан
туралы. Әлем Президент туралы.

16 т. 1999 жыл:
хроника, оқиғалар, айғақтар.-Астана: Күлтегін, 2013.-296 б.

«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы»
басылым –тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы,оның тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық қауымдастықтан лайқты өз орнын тапқан қазақ елігің
жасампаздық қасиеттерін,әлем мойындаған оның ықпалды қайраткерлігін паш ететін
көп томдық шығарма.

Кітап тарихшыларға, саясаттанушыларға,
саясатшыларға, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне,сондай-ақ
өз елінің тарихын танып білуге зейін қойған жалпы оқырмандарға арналған.

Жеңімпаз ұрпақ (тәуелсіздік құрдастарының
шығармалары)/Құрастырушы-автор А.Елгезек.-Алматы: «Иманигуль» қоғамдық қоры.2013.-172б.,104ж.б.

Бұл жинақта жас ұрпақ шығармалары берілген. Кітап
тәуелсіздік құрдастарының өз елінің патриоты болуына септігін тигізетін туынды
екендігіне шүбә жоқ.

Жинақ Тәуелсіздік
жылдарында туып-өсіп, егемен елдің туын ұстап шыққан жастардың көзқарасымен
жазылып шыққан. Жинақ екі тілде шығарылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев.Қызмет хроникасы.1996-1997 жылдар.-Астана:Деловой Мир
Астана,2013.-552 б.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев.Қызмет хроникасы.1998-1999 жылдар.-Астана:Деловой Мир
Астана,2013.-552 б.

Бұл
кітап «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.Қызмет
хроникасы»сериясы бойынша шығарылып отырған кезекті басылым болып табылады.

Кітапта
1996-1997 жылдары;1998-1999 жылдары елімізде және шетелдерде Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген
басты іс-шаралар жайында баяндалған,сонымен қатар осы кезеңде Н.А.Назарбаевтың
сөйлеген толыққанды сөздерінің мәтіндері,қабылданған Қазақстан Республикасының
маңызы зор заңдары мен Президент жарлықтарының тізбесі ұсынылған,түрлі
анықтамалық ақпараттар келтірілген.

Сондай-ақ,кітаптың
компакт-дискідегі мультимедиялық нұсқасы ұсынылған.

Дене тәрбиесі және спорт

Винокуров А.Менің алтын
мансабым.1998-2012:Фотоальбом.-Алматы:Раритет,2013.-200 б.

Қолдарыңызға алған фотосуреттермен деректелген осы
кітаптан Сіз Александрдың бойындағы
жеңіске деген құлщыныс әлі де сол қалпында,өйткені тарих бетінде тек
таңдаулылар қалады.Ендеше Винокуровтың жеңіс шырағы да Мәңгі деген сөз.

Бұқаралық ақпарат
құралдары. Кітап ісі.

 

Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері(12
ардагер фотографтың 20-ғасырдағы тарихи суреттері)/Фотоальбом.-Алматы:Өнер 21
ғасыр ҚҚ,2013.-240 б.

Бұл фотоальбом Қазақстанның 1930-200 жылдар аралығындағы
тыныс-тіршілігін,ұлттық салт-дәстүрін, соғыс және еңбек ерлерін,әр саладағы
белгілі тұлғалардың бейнелерін мәңгілік тарихта қалдырған,баспсөз арқылы
халыққа танытқан,ел сүйіспеншілігіне бөленген ардагер фотошежірешілер еңбегіне
арналып отыр.Фотожинақты бүгінгі қоғамға аса қажет болып тұрған
фотожурналистика жүйесін қалыптастыру ,дамыту мақсатында құрылған «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі ұсынды.Әрбір
фотосурет халықтың тарихынан хабар береді.Фотоальбом
зерттеушілерге,студенттерге және фотографияға қызығүшылық танытатын әрбір
оқырманға арналған.

Фольклористика

Әдеби жәдігерлер.Жиырма томдық. 20-т.: Дана
Хикар хикаясы; Халид Қ. Тарауих хамса/Құраст.: С.Қорабай, С.Құдасов.-Алматы:
«Таймас» баспа үйі,2013.-400 бет.-(Әдеби жәдігерлер)

Әдеби жәдігерлер сериясының 20-томына
негізгі сюжеттік арқауы имандылық болып табылатын ХVI ғасырдағы армян жазулы
қыпшақ жазба ескерткіші – «Дана Хикар хикаясы» кітабы және XIX ғаысрдың II жартысы мен XX ғасырдың басында
өмір сүрген көрнекті тарихшы-ғалым Құрбанғали Халидтің «Тарауих хамса» еңбегі
еніп отыр.

 

Бабалар сөзі. Жүз томдық[Текст]. Т.92. Өтірік және мысалдар / жауап. ред.
Т.Әлбеков.- Астана: Фолиант, 2013.- 432 б.- (Мәдени мұра).

1.Қазақ фольклоры

«Бабалар сөзі» сериясының
92-томына ел арасынан жиналған қазақ фольклоры, қазақ өтірігі, қазақ халық
әдебиеті, ел өтірігі, өтірік өлеңдер, өтірік жырлар, өтірік әңгімелер, мысал өлеңдер, мысал
айтыстар, мысал әңгімелер, халық мысалдары енген.

 

Бабалар сөзі. Жүз томдық[Текст]. Т.93. Магиялық фольклор / жауап. ред. Т.Әлбеков.- Астана:
Фолиант, 2013.- 432 б.- (Мәдени мұра).

1.Қазақ
фольклоры

«Бабалар сөзі» сериясының 93-томына қазақ
магиялық фольклордың бәдік, бақсы сарыны, алғыс, қарғыс, бата, тыйым, арбау,
жалбарыну, құрт көшіру, жын шақыру сияқты поэзия
жанрлары, халықтық тұрмыс жанрлық түрлері енген.

 

Бабалар сөзі. 100 т[Текст]. Т.94. Түс жору және ырымдар / құраст.:

Т.Әкімова, Т.Әлбеков.- Астана: Фолиант, 2013.- 426, [6] б.-
(Мәдени мұра).

1.Қазақ фольклоры

«Бабалар сөзі» сериясының 94-томына түс және
оны жору, халық прозасындағы түс және оны жору,
эпикалық жырлардағы түс және оны жору,
қазақ ырымдары, фольклордағы түс көру, түс көру эпизодтары, түз жорудың үлгілері енген.

 

Бабалар сөзі. 100 т[Текст]. Т.95. Хикаяттар / құраст.: Т.Әкімова, Т.Әлбеков,
Ю.Пилтан.- Астана: Фолиант, 2013.- 427, [5] б.- (Мәдени мұра). Библиогр.: б.413

1.Қазақ фольклоры

«Бабалар сөзі» сериясының 95-томына халық
прозасының іргелі түрде зерттелмеген салалы хикаяттар, Қиссасул-әңбия, тариху Мұхамадия, қолжазба хикаяттар,хикаяттық жырлар, ежелгі миф, хикаят жанры, Ескендір
туралы, поэма, фольклорлық хикаят, діни есімдер енген.

Бабалар сөзі. 100 т[Текст]. Т.96.
Ауызекі әңгімелер / құраст.: Т.Әлбеков, Ж.Салтақова, Н.Елесбай.- Астана:
Фолиант, 2013.- 431, [1] б.- (Мәдени мұра).

1.Қазақ фольклоры

«Бабалар сөзі» сериясының 96-томына ел арасынан жиналған Қарағанды
өндірісінің тарихына байланысты, 1916
жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы және тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қатысты
тарихи ауызекі әңгімелері, қазақ фольклоры, ауызша әңгімелер, қазақтың ауызша
халық әңгімелері, халық прозасы жанрлары,
халық әңгімелері енген.

 

Егеубай, Аскар.Жусуп Баласагуни
[Текст] : роман-эссе / Аскар Егеубай ; пер. с каз. Берика Джилкибаева]. —
Алматы : Раритет, 2011. — 318, [1] с. : ил.; 20 см. — (Казақ прозасы
қазынасынан) (Алтын кор).

Это произведение посвящено всемирно известному ученому и
поэту Жусупу Баласагуни, автору бессмертного шедевра «Благодатное знание» ––
уникальной энциклопедии культуры и литературы тюркского народа, его обычаев,
верований, традиций. Мировоззрения в эпоху раннего Средневековья. Глубокие
теоретические мысли автора сочетаются с живым художественным видением того
далекого времени.

Для широкого круга читателей.

Рамазан Д. Көктамыр: көсемсөз, әдеби сын, тарихи зерттеулер және
сыр-сұхбаттар.-Астана: Фолиант, 2013.-309 б.

Танымал
жазушы-журналист Думан Рамазанның бұл жаңа жинағына көсемсөздік һәм
ғылыми-зерттеу мақалалары мен сыр-сұхбаттары топтастырылған. Кітапта өткен
тарих пен бүгінгі күннің өзекті мәселелері домбыраның қос ішегіндей қатар
өріліп, заман мен қоғам шындығынан ой тарқатып, сыр шертеді. Елдің бүгіні мен
ертеңі, ұлттың арман-аңсары, жас ұрпақтың болашағы және тәуелсіздік туралы
толайым толғаныстар мен сындарлы ой- толғамдар зерделі оқырманның көкірек көзін
ашып, санасына сәуле шашары сөзсіз.

Шонанұлы Телжан,
Үш томдық шығармалары / Т. Шонанұлы.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.

Әдебиеттану

Бөкейхан Әлихан
Нұрмұхамедұлы (1866-1937). Шығармаларының 9 томдық толық жинағы-Полное собрание
сочинений в 9 томах./Құраст.:Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы.-Астана:
«Сарыарқа»,2013.-Қазақша-орысша.

Қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет
қайраткері энциклопедияшыл ғалымы әрі көрнекті публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы
Бөкейханның тұңғыш толық шығармалар жинағы — 1889-1937 жылдар аралығында
мерзімді басылымдарда, ғылыми журналдар мен жинақтарда жарық көрген ірі ғылыми
монографияларын, ғылыми зерттеулерін, саяси публицистикасын, әдеби сын
мақалалары мен аудармаларын және жеке хаттарын қамтиды. Осы жинаққа берген
барлық материал Сұлтанхан Аққұлұлының авторлык меншігіне жатады.

Первое полное собрание трудов и сочинений
выдающегося казахского общественного и государственного деятеля,
ученого-энциклопедиста, одного из основоположников казахского краеведения и
видного публициста Алихана Нурмухамедулы Букейхана включает научные монографии
и статьи, политическую публицистику, исследования по казахской литературе и
литературные переводы, опубликованные и изданные в период с 1889 по 1937 гг., а
также письма.

Авторские права на все материалы, вошедшие в
настоящий сборник, принадлежат Султанхану Аккулулы.

Галиев В.З.Ұлтты оятқан кітап(Міржақып
Дулатұлы және оның «Оян,қазақ!»
кітабының ізімен).-Алматы:Мектеп,2013.-416 б.

Кітап қазақ зиялыларының аса көрнекті өкілдерінің бірі
«Алаш» партиясының мүшесі Міржақып Дулатұлына арналған.2010 жылы алаш
ардақтысының туғанына 125 жыл,ал «Оян,қазақ!» кітабының жарық көргеніне 100 жыл
толды.Оқырман назарына ұсынылып отырған еңбекте қазақ халқының қоғамдық және
мәдени өрісінің кен аясында ағартушы-патриот өмірінің алғашқы кезеңі туралы
әңгімеленіп,оның дүниетанымыныңқалыптасу үрдісі ашылады.

Ұлттын күрескер ұланымен өз кезінде қоян-қолтық
араласып,жақын жүрген пікірлес,ниеттес адамдарға да жинақта ерекше орын берілген. «Оян,қазаұ!»
кітабы жан-жақты талданып,тың деректер келтірілген.

 

Досбай Ж. Қалижан Бекхожин поэмаларының
поэтикасы.- Алматы : Мектеп, 2013. — 224 б., сур.

Қазақ әдебиеті тарихында
поэма жанрын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, қырыққа жуық поэма жазған эпик
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық ақыны Қалижан Нұрқожаұлы Бекхожиннің
шығармашылығы бүгінгі күн тұрғысынан қайта бағаланған бұл зерттеу еңбегі екі
негізгі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде ақын
шығармаларының тарихи-тақырыптық сипаты мен жанрлық түрлері анықталып, образ
жасау және типтендіру, азаматтық әуен, автор көзқарасы, көркемдік ізденістер
мәселелері қарастырылады. Екінші бөлімде поэмалардың көркемдік, тілдік,
ұлттық-этникалық ерекшеліктері сараланып, азаттық идея, фольклорлық сарындар
мен ұлттық таным, көркемдік-эстетикалық нысана негізге алынып, поэтикалық
тұрғыдан талданады.

Еңбек ақын Қ. Бекхожиннің
(1913—1990) 100 жылдық мерейтойына орай ұсынылып отыр.

Кітап әдебиет, тіл,
мәдениет, тарих, этнопедагогика, философия, саясат және т.б.
қоғамдық-гуманитарлық сала мамандарына және руханият мәселесіне бей-жай
қарамайтын көпшілік қауымға арналған.

Кеңшілікұлы А.Жүрек сөзі/Эсселер,әдеби
зерттеулер мен мөлтек сырлар.-Астана:Фолиант,2013.-336 б.

Белгілі сыншы А. Кеңшілікұлының
бұл кітабына соңғы жылдары баспасөз бетінде жарық көрген эсселері,әдеби
зерттеулері күнделік формасында берілген мөлтек сырлары енген.Күнделік
формасындағы мөлтек сырларында рухани
өмірімізде болып жатқан оқиғаларды таразылап,ұлттық рухымыз,өркениет әлемінде
алатын орнымыз жөнінде ой толғайды. Кітап көпшілік қауымға арналған.

Қабдолов
З.Шығармалары.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы,2013 ж

Т.1:Ұшқын:Роман,Қабеннін
құбылысы:Драма.-320 бет

Т.2:Жалын:Роман,Сөнбейтін от:Драма.-320 бет

Т.3: Сөз өнері: оқулық-монография. – Алматы. – 360 б.

Т4: Төрт арыс; Үш
алып,Төрт арыс, Ғылыми зерттеулер. – 320 б.

Т.5: Ғылыми
зерттеулер.Талдаулар мен толғаулар. Әдеби-көркем сын. – 328 б.

Қазақстанның халық жазушысы,Ұлттық Ғылым академиясының
академигі,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың
романдары,пьесалары,ғылыми зерттеулер,талдау мен толғаулар,сыр мен сипат атты
еңбектері,оқулық-монографиялар еніп отыр.

Кітап әдебиетсүйер қауым
мен көпшілік оқырманға арналған.

Нұрғали Р.Шығармалары.-Астана:Фолиант,2013

Т.1.Драма
өнері:монография.1 кітап.-320 б.

Т.2.
Драма өнері:монография.2 кітап.-304 б.

Т.3. Сөз өнерінің эстетикасы: Монография.1 кітап.-288 б.

Т.4. Сөз
өнерінің эстетикасы: Монография.2 кітап.-216 б.

Т.5. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры: Әдеби
зерттеулер, эссе және сұхбаттар. 1-кітап. — 384 б.

Т.6. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры: Әдеби зерттеулер,
эссе және сұхбаттар. 2-кітап. — 384 б.

Т.7. Әдебиет теориясы: Нұсқалық .
1-кітап.- 416 б.

Т.8.Мақалалар, сөздіктер және биобиблиографиялық
көрсеткіш.-2-кітап.-320 б.

Қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік орны
зор көрнекті ғалым әрі жэазушы,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
және ғылым саласындағы Ш.Уәлиханов сыйлығының лауреаты,ғылымға еңбек сіңірген
қайраткер, филология ғылымдарының докторя,профессор,академик Рымғали Нұрғалидің
8 томдық шығармалар жинағына монография, әдеби зерттеулер, эссе және сұхбаттар,
мақалалар, сөздіктер және биобиблиографиялық көрсеткіштер беріліп отыр.

Шығармалар жинағы көпшілік қауымға арналған.

Уәлихан
Ш.-А.Шығармалары.-Астана:Фолиант,2013(қазақ,орыс тілдерінде)Т.1.-392 б.Т.2.-432
б.

Белгілі
сәулетші және қоғам қайраткері,ҚР Мемлекеттік сыйлығының елтаңбасының авторы
Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан көп қырлы таланты мен мінезінің,қайталанбас қасиеттерінің
арқасында халық үшін әйгілі тұлғаға айналды.

Бұл
басылымға енген Ш.Ы.Уәлиханның ең қызықты мақалалары,жазбалары мен баяндамалары
оның шығармашылығына бас иетіндер үшін ғана емес,қалын оқырманға қызықты болады
деген сенімдеміз.

Ысқақұлы, Д. Қазақ әдебиеттанушылары.
Энциклопедиялық анықтамалық — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013.- 496 б.

Кітап
қазақ әдебиетін зерттеп, елеулі табыстарға жеткен әдебиеттанушылардың
өмірбаяндық, ғылыми-шығармашылық жолдарына арналған.

Көркем әдебиет

Абдикулы Т.Разума пылающая
война:повести,рассказы,пьесы/пер. с каз.-Астана:Фолиант,2013.-568 с.

 Творчеств оизвестного казахского прозаика и драматурга
Толена Абдикулы проникнуто глубоким духовным и философским смыслом, а его
произведения поражают остротой восприятия чувств,образов и мыслей.

В настоящее издание
вошли повести и рассакзы Толена Абдикулы,созданные им в разные годы,а
также пьесы «Нас было трое» и «Ветеран»,которые впервые увидели свет на русском
языке.

Книга расчитана на широкий круг читателей.

 

Айбергенов Т. Шығармалары. Т.1.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013.- 318, [2] б.,
[12] б. cур., портр.

Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған
төрт томдық алғашқы кітабына жыр жұлдызының көзі тірісінде жарық көрген «Арман сапары», «Өмірге саяхат» жыр
жинақтарындағы өлеңдер мен өмірден өткен соң оқырманға жол тартқан «Құмдағы мұнаралар» және басқа да
жинақтарындағы таңдаулы туындылары топтастырылып отыр.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Айбергенов
Т. Шығармалары
. Т.2.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы,
2013.- 334, [2] б.: портр.

Қазақ поэзиясында өшпес із қалдырған ақын Төлеген Айбергеновтің
шығармашылығына арналған төрт томдықтың бұл екінші кітабында ақынның қаламынан
шыққан әңгімелері, әдеби мақалалары, очерктері және ой-толғақтары жинақталып
отыр. Сонда-ақ бұл томда ақын шығармашылығы жайлы ғылыми зерттеулер мен
ой-пікірлер де жеке бөлім болып топтастырылды.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Айбергенов Т. Шығармалары. Т.3.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013.- 316, [4] б.:
портр.

Қысқа ғұмырында артына мәңгілікпен үндес жыр шоғырларын қалдырған
Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған төрт томдықтың кезекті үшінші
томы ақынмен сырлас, пікірлес болған қаламгерлер және онымен өмірдің соқпағын
әр кезеңдерде бірге өткізген замандастарының естеліктерін қамтып отыр.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Айбергенов Т. Шығармалары. Т.4.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013.- 318, [2] б.:
портр. Қаз., орыс тілдерінде.

Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына арналған төрт томдықтың қорытынды
төртінші томына О.Постников пен А.Шмидтіңорыс тіліне аудармаларындағы таңдаулы туындылары және ақын рухына арналған
өлеңдер топтастырылған.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Аймауытов Ж. Алты томдық шығармалар
жинағы.-Алматы:Ел жешіре,2013

Т.1.Пьесалар,өлеңдер.-384 б.

Т.2.Романдар.-384 б.

Т.3.Повесть пен
әңгімелер,аудармалар.-384 б.

Т. 4. Психология, жан жүйесі мен өнер таңдау.
– 384 б.

Т. 5. Тәрбиеге жетекші. Жаңа ауыл (оқу
құралдары). – 384 б.

Т. 6. «Комплекпен оқыту жолдары» (оқу-әдістеме),
мақалалар, хаттар. -384 б.

Жүсіпбек Аймауытов
шығармалар жинағына театр сахналарында қойылған драмалық шығармалары ,мерзімді
басылым беттерінде жарық көрген поэзиялық туындылары,романдар,повесть пен
әңгімелер,педагогикалық зерттеулер,педагогикалық оқу орны мен бастауыш сынып
мұғалімдеріне арналған оқулықтары, «Комплекпен
оқыту жолдары» атты оқу-әдістемелік еңбегі мен әр жылдарда баспасөз беттерінде
жарияланған мақалалары,хаттары еніп отыр.

Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен
ізденушілерге,аспиранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне және ұлт
әдебиеті мен тарихын білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.

Аманұлы Ж.Жүрегім менің
–жаңартау:Өлеңдер.-Алматы: «Өнер-21 ғасыр»қоғамдық қоры,2013.-384 б.

Жарылқасын Аманұлы – тарихтағы тосын талант,тұтас
Тұлға.Соңғы жылдары Ж.Аманұлы Иман, Рух,
Заман, Дәуір, Қоғам және Адам туралы ойларың жинақтап,өлеңмен де, қарасөзбен де өрнектеп келді.Бұл кітапта
ақсемсер ақын,сазгер,күйші,қас шебер,зергер — яғни қайраткер-қаламгердің,әсіресе,өмірінің соңғы
жылдары өз жүрегінен жосылып шыққан өте биік рухтағы,азаттық-лирикаға толы
жырлары жинақтап ұсынылған.

 

Ахтанов Т. Көп томдық шығармалар
жина
ғы. Т.1. Боран: роман, эссе / Тахауи Ахтанов.- Алматы: Mereke
baspasy, 2013.- 381, [4] б.

Тахауи Ахтановтың «Боран»романында соғыстан кейінгі қазақ ауылының өмірі мейілінше шынайы суреттеледі.
Қарапайым қойшы Қоспанның басынан кешкен хикаялары әсерлі, оқиға желісі
тартымды, тілі шұрайлы.

 

Ахтанов Т. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.2. Қаһарлы
күндер: роман.- Алматы: Mereke baspasy, 2013.- 541, [3] б.

Жазушы Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы
күндер»
романы қазақ әдебиетінде Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған
таңдаулы шығармалардың бірі. Жазушы бұл романын адамзат тарихындағы ең қаһарлы
соғыс күндеріне арнай отырып, халқымыздың елдік, ерлік қасиеттерін,
интернационалдық достық салтын сүреткерлікпен бейнелеп бере білді.

Романның тілі көркем, оқиғасы қызық.

 

 

Ахтанов
Т. Көп томдық шығармалар жинағы
. Т.3. Шырағың
сөнбесін: роман / Тахауи Ахтанов.- Алматы: Mereke baspasy, 2013.- 606, [2] б.

Жазушы Тахауи Ахтановтың «Шырағың
сөнбесін»
романы елімізге фашистік Германияның тұтқиылдан лап қойған ең
алғашқы сәтінен басталады.

Романның бас кейіпкері Нәзира Отанымыздың
Батыс шекарасында қызметте жүрген офицер Қасымбек Еділбаевқа ұзатылады. Өз
уақытына сай білімі, өз жасына сай ақылы, ой-түйсігі бар жас келіншек жаңа
ортаға – офицерлер өміріне енді ғана көндігіп, үйренісіп келе жатқанда соғыс
басталады. Ерлері жауға аттанған офицер әйелдері үшін тағдыр салған сан қилы
шырғалаң жолдар басталады. Олар жау тылында қалып қояды. Алда – ұшы-қиыры жоқ
соғыс жылдары. Осы төзгісіз ауыр кезеңнен кім аман шықты, кім қалай шықты?

Адам психологиясына терең-терең барлау
жасалатын бұл романның оқиғасы тығыз, кейіпкерлері әсерлі, тілі шұрайлы.

 

Ахтанов
Т. Көп томдық шығармалар жинағы
. Т.4.
Пьесалар.- Алматы: Mereke baspasy, 2013.- 405, [3] б.

Жазушы Тахауи Ахтановтың көп томдық шығармалар жинағының төртінші томына«Әке мен бала», «Махаббат мұңы»,
«Күтпеген кездесу»
және басқа пьесалары еніп отыр.

 

Ахтанов Т. Көп томдық шығармалар
жина
ғы. Т.5. Пьесалар мен эсселер.- Алматы: Mereke baspasy, 2013.- 381, [3] б.

Жазушы Тахауи Ахтановтың көп томдық шығармалар жинағының бесінші томына
белгілі «Ант», «Сәуле», «Боран»

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий