«Ауғанстан – жүректегі жара»

 8 –ші  ақпан  күні  аудандық кітапхананың  оқу залында  Қеңес әскерлерінің  Ауғанстан жерінен  шығарылғанына 30 жыл
толуы
  қарсаңында    3  мектептің 8, 9, 10 класс  оқушылары мен  мектеп  кітапханашы Талтанова А.А. қатысумен  ерлік сабағы  өткізілді. Ауған  соғысы туралы ақиқатты  жас  ұрпаққа жеткізу, интернационалдық  борышын  өтеу жолында  жерлестеріміздің  ержүрек ерліктерін  дәріптеу мақсатында  «Афганстан  жүректегі жара»  атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу  жасалды. Көрмеге Ауғанистандағы  шайқаста құрбан  болған  және сол соғыста  аман  қалған жерлес жауынгерлер  туралы  деректі материалдар, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың  фотосуреттері,
мерзімді
  басылымдар  беттерінде жарияланған  мақалалар топтамалары  қойылды. Шара  барысында Ауған соғысы  жайында  бейнефильм көрсетілді.

 

   
«Ауғанстан – жүректегі жара» «Ауғанстан – жүректегі жара» «Ауғанстан – жүректегі жара»

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий

Ауғанстан жүректегі жара

 Ақпанның  1-14  аралығында  қалалық мектептердің  кітапханаға  саяхаты  аясында  аудандық кітапхананың оқу залында  шектеулі Қеңес әскерлерінің  Ауғанстан  жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына  орай
ақпараттық
  сағаты  өткізілді. 
Бағила Құрмантаева  мен 
Гүлмира  Сүйінішова  бастаған 
№5  Хромтау гимназиясының  8 
класс  оқушыларына  аудандық 
кітапхананың  қызмет көрсету бөлімінің  меңгерушісі 
Мансия Тымбаева  ауған  соғысының 
тарихы туралы  мәлімет беріп,
бейнесюжет көрсетті. Ауған  соғысы  тақырыбындағы кітаптарды насихаттаған 
кітапхана  қызметкерлері  оқушыларға 
кітапханаға жиі келіп, жаңадаң 
түскен  кітаптарды  оқуға 
шақырды.

 

   

Ауғанстан  жүректегі  жара Ауғанстан  жүректегі  жара Ауғанстан  жүректегі  жара

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий

«Ауғанстан-жүректегі жара»

 15- ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ақпан айының 4 де Дөң
орта мектебінде Аудандық кітапхана,музей, мәдениет үйінің қатысуымен іс-шара
өткізілді.Мақсаты- ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым
етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.  Аудандық кітапхана қызметкерлері
«Ауғанстан-жүректегі жара» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып көпшілік
қауым назарына ұсынды. Көрмеге қойылған кітаптар бойынша оқушылардың
сұрақтарына жауап берді.Шараға Ауған соғысының ардагері Тұрлыбаев Серікбай
Қойбағарұлының анасы Сапен апай,бауырлары Карина, Әли қатысты.Шара барысында К
аринали Қойбағаровтар тәрбие ісінің
орынбасары Календиров Әзірхан Нұрмағанбетұлының ауған соғысы ардагерлеріне
арнап шығарған өлеңдерін оқыды, мәдениет үйінің өнерпаздары кешті әсем
әндерімен  әрлеп, көрермендерге көтеріңкі
көңіл сыйлады. Шараның қадірлі қонағы 
Сапен апай жас
ұрпаққа ақ
батасын берді.

   
«Ауғанстан-жүректегі жара» «Ауғанстан-жүректегі жара» «Ауғанстан-жүректегі жара»

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий

«Ауғанстан – жүректегі жара»

 Ақпан  айының 1- деаудандық кітапхананың  оқу залында  Қеңес әскерлерінің ауған жерінен
шығарылғанына 30 жыл толуына орай ерлік сағаты өткізілді.
Аудандық кітапханасының қызмет көрсету
бөлімінің меңгерушісі
Тымбаева М.К.  ауған соғысының тарихы туралы мәлімет
берді және бейнесюжет көрсетілді. Кітапханашы Мангалова
Д.М.«Ауғанстан – жүректегі жара» атты  кітап көрмесіне шолу жасады.
Іс – шараға 
Хромтау тау- кен техникалық колледж студенттері, оқытушы Хурметбек К.К.,Тыныштыкова Г.Б. катысты.
   
«Ауғанстан – жүректегі жара» «Ауғанстан – жүректегі жара» «Ауғанстан – жүректегі жара»

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий

\»Ауғанстан-жүректегі жара\»

 15 ақпан- Кеңес
әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Ауған соғысы
туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, интернационалдық борышын өтеу жолында,
жерлестеріміздің ержүрек ерліктерін дәріптеу мақсатында аудандық кітапхананың
оқу залында «Ауғанстан-жүректегі жара» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   
"Ауғанстан-жүректегі жара"

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий