Байғанин оқулары

  17 қазан күні аудандық кітапханада жылма жыл дәстүр бойынша өтетін облыстық
балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 
халық ақыны, айтыскер, жыршы-жырау Н.Байғаниннің шығармашылығына
арналған
«Байғанин оқулары» аудандық көркемсөз оқу сайысы өткізілді. Мақсаты:
ақын Н.Байғанин шығармаларын насихаттау; Кітап оқу мәдениетін жетілдіру. 
Оқырмандар
назарына «Ақынның асыл мұрасы»атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу
жасалып, слайд көрсетілді. 
Байғанин
оқуларының
  І-кезеңінде қатысушылар
ақынның өлеңдерін, дастандарынан үзінділерін мәнерлеп жатқа айтты.
 ІІ-кезеңде  қатысушылар ақынның шығармашылығы бойынша
сұрақтарға жауап берді. Қатысушылардың мәнерлеп оқуы мен сахна мәдениетіне
басты назар қойып қазылар алқасы өз бағаларын берді. Қазылар алқысының
мүшелері:
 Аудандық қазақ тілі
қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мариям Төреғалиқызы, мектептен тыс білім беру
орталығының «Өлең өрнектері» үйірмесінің жетекшісі Оразова Жанат Есетқызы,
аудандық
кітапхананың әдіскері Абиева Баян Тойбазарқызы.
 Нәтижесінде І
орын – Бақыт Ақбота/Бөгетсай мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы, ІІ-орын –
Князбаева Гүлбақыт/ №3 мектеп
  11 сынып
оқушысы,
 ІІІ-орын – Утегалиева Гүлзат /№3 мектеп 6 сынып оқушысы жеңімпаз атанды.№6 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Зайткерей Іңкәр сайысқа белсене
қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Қатысушыларға естелік сыйлықтармен,
дипломдар табысталды. Сондай-ақ I орынды жеңіп алған Бақыт Ақбота Н.Байғанин
атындағы облыстық балалар кітапханасында өтетін «БАЙҒАНИН ОҚУЛАРЫ» атты
облыстық көркемсөз оқу сайысына жолдама алды .
   

Байғанин оқулары Байғанин оқулары Байғанин оқулары

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий