Буккроссинг

                

Буккроссинг

«Буккроссинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер. Ол 2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынадай жазуы бар кітапты қалдырып кеткен екен: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле аласыз. Кітапты оқып біткесін, оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады». Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, қазір «Bookcrossing» сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізіліпті. Ал, Қазақстанда «Буккроссинг» акциясы 2005 жылдан бастау алыпты.
23 мамыр күні Дөң орта мектебінің кітапханасында жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатымен «Буккроссинг» ұйымдастырылды. Шараға мектеп директоры Жекеева А, 11 класс оқушылары қатысты. Шара барысында Дөң ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бирманова Ж.Р аудандық кітапхана атынан 3 дана кітап сыйға тартты.



Буккроссинг  Буккроссинг  Буккроссинг  Буккроссинг  Буккроссинг  Буккроссинг

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий