,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Новости Казахстана
В ВКО за мужество наградили едва не утонувшую во время паводка чиновницу
В преддверии Дня независимости аким области Даниал Ахметов вручил государственные награды более 50 восточноказахстанцам, передает Zakon. kz со ссылкой на YK-news. kz. В числе награжденных — ...
Выяснение отношений между Мэй и Юнкером попало на видео
Премьер-министр Великобритании Тереза Мэй перед главным заседанием саммита ЕС попыталась выяснить отношения с главой Еврокомиссии Жан-Клодом Юнкером, который якобы позволил себе некорректные ...
Додон заявил, что попытка его отстранения от власти обернётся протестами
Президент Молдавии Игорь Додон в эфире NTV Moldova заявил, что попытка его отстранения от власти, которая может состояться после парламентских выборов в феврале 2019 года, обернётся народными ...
Тахауи Ахтанов-шебер драматург
  26 қазан күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ көркем прозасының майталман шебері Тахауи Ахтановтың туылғанына 95 жылдығына арналған «Тахауи Ахтанов – шебер драматург» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева, Хромтау тау-кен техникалық қолледжінің студенттері мен қала мектептерінің оқушылары қатысты. Шарада аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов алғы сөз сөйлеп, шараға қатысушы жасөспірімдерге Тахауи Ахтанов туралы тарихи мәліметтер мен тың деректерді жеткізді. Сондай-ақ, шара барысында жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы бейнероликтер көрсетіліп, № 3 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Кулумкарина Рахия Жарасханқызының ұйымдастыруымен аталмыш мектептің 10 сынып оқушылары Тахауи Ахтановтың «Әке мен бала» драмасынан көрініс көрсетті. Хромтау тау-кен техникалық колледжінің қазақ тілі пәні мұғалімі Гүлсезім Ситебай жазушының «Күй аңызы» әңгімесін баяндап берді. Сонымен қатар, аудандық кітапхананың кітапханашысы Дана Мангалова «Заманның заңғар тұлғасы» атты виртуалды кітап көрмесін көрермендерге ұсынса, балалар музыка мектебінің домбыра үйірмесінің оқушысы Рамазан Әділет «Әлқисса» күйін орындап, аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Фариза Елекбаева ән тарту етті. Шара соңында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева бұл шараның балаларға берері көп екендігін, осындай ұлы тұлғаларды жастар мен оқушыларға кеңінен насихаттау керектігін жеткізіп, көрермендерге керемет рухани әсер берген әдеби кешті ұйымдастырған аудандық кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді. 

 

   
Тахауи Ахтанов-шебер драматург Тахауи Ахтанов-шебер драматург Тахауи Ахтанов-шебер драматург 
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.