,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Новости Казахстана
В ВКО за мужество наградили едва не утонувшую во время паводка чиновницу
В преддверии Дня независимости аким области Даниал Ахметов вручил государственные награды более 50 восточноказахстанцам, передает Zakon. kz со ссылкой на YK-news. kz. В числе награжденных — ...
Выяснение отношений между Мэй и Юнкером попало на видео
Премьер-министр Великобритании Тереза Мэй перед главным заседанием саммита ЕС попыталась выяснить отношения с главой Еврокомиссии Жан-Клодом Юнкером, который якобы позволил себе некорректные ...
Додон заявил, что попытка его отстранения от власти обернётся протестами
Президент Молдавии Игорь Додон в эфире NTV Moldova заявил, что попытка его отстранения от власти, которая может состояться после парламентских выборов в феврале 2019 года, обернётся народными ...
«Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы»

 29 қараша күні  аудандық кітапханада «Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» атты ашық есік күні өткізілді.    Мақсаты:  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру. Елбасының ұстанымын, даналығын, өмір жолын үлгі етіп, жас ұрпақты Отанын, халқын, жерін сүюге, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу. Шара барысында  оқу залында «Ерен Елбасы-кемел көшбасшы» кітап көрмесі ұйымдастырылып көрмеге  Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Евразия жүрегінде», «Мәңгілік ел»,  «Ұлы дала ұлағаттары» атты  еңбектері, Президенттің өмірі мен еңбек жолына арналған М.Қасымбековтің «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» кітабы, Елбасы туралы айтылған ойлар,жазылған  сөздері, Мемлекет басшысының әр жылдарда жарық көрген шығармашылық жұмыстары қойылып, әрқайсысына қысқаша түсініктемелер берілді. Айталық, «Қазақстан Республикасы» сериясының «Елмен сырласу» атты басылымына Президенттің ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді, сыртқы саясатта жалпыға бірдей қауіпсіздік пен ынтымақтастықты, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған, өзара тиімді ықпалдастықты дамытуды мұрат еткен сөздері мен сұхбаттары енгізілсе, 2007 жылы жарық көрген «Қазақстан жолы» кітабында Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттері баяндалады. Тоғыз тараудың әрқайсысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Кітап Президенттің ел жастарына арналған үндеуі түрінде ойластырылған. Сонымен қатар, Елбасының қызметтегі өсу жолы, отбасылық өмірі туралы слайд көрсетілді. Шараға қатысқан мектептен тыс білім беру орталығының «Өлең өрнектері» үйірмесінің оқушылары мен жетекшісі Оразова Жанат Есетқызы және № 5 мектеп-гимназиясың 4 сынып оқушылары мен мұғалімі Есмурзина Лена Сериковна, мектеп кітапханашысы Елеусизова Нүргүл Муханбетовна кітап көрмесін тамашалады.  

«Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» «Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» «Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» «Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы»

   


Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.