«Ерлік пен махаббат жыршысы» атты оқырмандар конференциясы

   «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік — мәдени шарасының аясында Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Шараның мақсаты: Ә. Нұршайықовтың шығармаларын талдай отыра, оқырмандардың ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу, болашақ маман иелерінің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ғашықтық сезім туралы ойларын білу.
Шараға №3 Хромтау орта мектебінің 10 сынып оқушысы Утегалиева Гульзат, №4 Хромтау орта мектебінің кітапханашысы Бисембаева Гульсара, №5 Хромтау мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Рахметова Фериза, №5 Хромтау мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Ергенбекова Шахназ, №6 Хромтау гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қозбағарова Айтаңсық, №6 Хромтау гимназиясының кітапханашысы Елеусизова АлияМуханбетовна, №7 Хромтау мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Калмуратов Жомарт және де кітапхананың тұрақты оқырмандары Сарсенбаева Шарипа, Кузмухамедова Улболсын, Мурзабаева Арайлым, Тау-кен техникалық жоғары колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Тымбаева Гүлсезім, Тау-кен техникалық жоғары колледжінің студенті Ұлықпан Меруерт қатысты.
Шара барысында Ә.Нұршайықовтың шығармашылық жолына шолу жасалып, Тау-кен техникалық жоғары колледжінің студенті Ұлықпан Меруерт Абай Құнанбаевтың «Есіңде бар ма жас күнің» өлеңін, №3 Хромтау орта мектебінің 10 сынып оқушысы Утегалиева Гульзат «Махаббат қызық мол жылдар» кітабынан үзінді оқыды. Оқырмандар шығармадан алған әсерлері жайлы айтып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салып, белсенділік танытты. Шара соңында №7 Хромтау мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Калмуратов Жомарт өзінің қаламынан туған өлеңін оқып берді.

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021