«Кітапхана жұмысында заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» атты семинар-тренинг

  Хромтау аудандық кітапханасының оқу залында аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы кітап оқуды насихаттау заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп қана қоймай кітапхана жұмысында қолдану мақсатында «Кітапхана жұмысында заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» атты семинар-тренинг өтті. Семинарда «Ауылдың кіші энциклопедиясы» жобасы аясында өткен «Туған өлкенің тарихи тұлғалары және тарихи ескерткіштері» байқауының қорытындысы жарияланып, үздік жұмысымен ерекшеленген Тассай ауылдық кітапхана қызметкері Карина Ақмарал дипломмен, естелік сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Жайлыбай С.А. кітапхана ісін дамытуға айрықша үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді және ұзақ жылдар бойы кітапхана саласында еңбек етіп зейнеткерлік демалысқа шыққан Аққұдық ауылдық кітапханасының қызметкері Иманкулова Гүлайым Кенжебайқызын алғыс хатпен, естелік сыйлықтармен марапаттады. Қатысушылар семинардан көптеген ақпараттар жинап, жаңашылдыққа ұмтылыс, серпін алып тарқасты.

 

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021