Конституция- кемелдік кепілі

 30 тамыз ҚР Конституция күніне орай 24 тамыз аудандық кітапхананың оқу залында\»Конституция-кемелдік кепілі\» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Содан кейін біздің Ата заңның тарихы жайлы анықтама, Конституцияның кейбір баптары мен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері жайлы қысқаша мәліметтер берілді.
 «Сен Ата заңды білесің бе?» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, «Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер), «Сөйлемді аяқта» атты ойыны өткізілді. 
  Оқу залында ұйымдастырылған «Ата заң елдің тұғыры» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдердегі қазақтың дала заңынан сыр шертетін «Қазақтың Ата Заңдары» жайындағы кітаптар мен 1995 жылдың 30 тамызында  қабылданған ҚР-ның Конституциясы, Ата Заңымыз туралы мерзімді басылымдардан деректер, т.б. мәліметтер қойылды. Өткізілген шараға балалар бөлімінің тұрақты оқырмандары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
   
Конституция- кемелдік кепілі Конституция- кемелдік кепілі Конституция- кемелдік кепілі

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий