Кітап әлеміне саяхат

    Ақпан айының 21 күні № 6 мектеп-гимназиясының 5 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Керимова Г. Е., Дерманова Н. аудандық кітапханаға саяхатқа келді. Сынып жетекшілері қаламыздағы маңызды жерлерге сыныппен барып саяхат жасап жүргендерін ,кітапханаға келу мақсатымыз оқу үрдісіне керек қосымша мағлұматтар алу, оқушыларға кітаптар арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ұлттық құндылықты, ұлттық рухты, бойымыздағы қадір-қасиетті дамытуға бастайтын жол екендігін түсіндіру. Оқушылар кітаптардың көптеген ғажайып түрлерімен танысты. Алғаш рет осындай үлкен кітапханаға келген балаларға бәрі қызықты болып көрінді. Кітапхана бөлімдерінде болып, балаларға арналған көптеген суреттері бар энциклопедиялар мен анықтамалармен танысып, қызықты және танымдық кітаптарының жиынтығы бар екендігі жөнінде, сонымен қатар кітаптарды қалай дұрыс пайдалану туралы білді.«Әлемдегі ең қызықты кітаптар» атты кітап көрмесінен оқушылар көп қызықты сұрақтарын қойып, балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Т.С. әр кітап авторы мен мазмұнын қысқаша айтып отырды. Оқу залы — түрлі ақпараттар жиынтығы болып табылатын сан алуан анықтамалар мен энциклопедиялардың тоғысқан жері. Сонымен қатар газет, журналдар, мерзімдіктер де бар. Кітапхана әдіскері Абиева Б.Т. оқу залында «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» кітап көрмесіне шолу жүргізіп, оқушыларға рухани жаңғыру туралы сұрақтар қоя отырып, қызықты пікір алмасу сәтін өткізді. Сынып оқушыларына бұл кітапхананың кітап қоры өте ұнады.

   21 февраля в районной библиотеке провели экскурсию для учеников школы-гимназии № 6 и № 5 «А»класса, которые пришли вместе с классными руководителями Г. Керимовой и Е.Н Дермановой. Цель экскурсии – ознакомить читателей с правилами пользования библиотекой, её историей, графиком работы, отделами и особенностями фонда, каталогами и картотеками они узнают, какие услуги оказывает библиотека, что такое читательское требование, объяснить читателям, что книга «Ориентация на будущее: духовное возрождение» — это способ развития национальных ценностей, национального духа и самооценки. Дети впервые посетили библиотеку и познакомились со многими интересными книгами. Ученики смотрели энциклопедии и справочники для детей, узнали о множестве интересных и познавательных книг. Библиотекари организовали книжную выставку на тему: «Самые интересные книги в мире», дети задавали много вопросов, на которые ответила библиотекарь детского отделения Жиембаева Т.С. Методист районной библиотеки Абиева Б.Т для учеников в читальном зале провела обзор книжной выставки «Духовное возрождение-будущее нации». Учащимся очень понравилась экскурсия по библиотеке.

Кітап әлеміне саяхат Кітап әлеміне саяхат  Кітап әлеміне саяхат Кітап әлеміне саяхат Кітап әлеміне саяхат Кітап әлеміне саяхат

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий