Кітапхана – кітап үйі

Мектептен тыс білім беру орталығының «Балдәурен» лагерінің балалары және №1«Күншуақ» балабақшасының балалары кітапханаға саяхатқа келді.Кітапқа деген
қызығушылығын ояту, кітапханамен таныстыру, балалардың танымдық қызығушылығын
дамыту мақсатында лагерьдің жетекшілері Далахова Гүлжан және Кереева Гүлзада
балалармен кітапханаға келді. Оқушылар кітапхананың ішкі бөлімдерін аралады,
кітапхана ережесімен танысты. «Кітапхана – кітап үйі» тақырыбында слайд
көрсетіліп, викторина сұрақтарына жауап беріп, жұмбақтар шешті.Кітапхананың балалар
әдебиеті бөлімінде жазғы оқу бағдарламасына арнайы «Жақсы кітап-жан азығы» атты кітап көрмесі жасалып кітап көрмесіне шолу жүргізілді.Көрмеге баланың
қызығушылығын тудыратын шығармалар, кіші жастағы балаларға арналған ойыншықтар, көз тартатын панорама кітаптар, ашылмалы кітапшалар сөйлейтін
суреттер, сөздіктер оқушылардың кітапқа деген құштарлығын оята білетін әдеби
кітаптар қойылды.Өздеріне бұл жерден қызықтыратын біраз мәліметтер
алатындарына көз жеткізді. Мұнда кітап оқуға оқуға ыңғайлы,қалаған оқулығының бәрін де табуға болады, — деп
жатты балалар.Адамға рухани байлық беретін кітап екенін оқушылар түсінді.

№1«Күншуақ» балабақша балаларына балалардың сүйіп оқитын: Маша
мен аю; Қызыл телпек;Шалқан; Алтын сандық; «Мың біртүн ертегілері» сериясымен
шығатын кітаптар ; Алдаркөсе; Түлкіні алдаған шал т/б. ертегілері дауыстап
оқылды.Балалар ертегілерді қызыға тыңдады.Интернет сайттарынан мультфильмдер
көрсетілді.

 

В детском отделе районной библиотеки с 6 по 18 июня
объявлен день открытых дверей – «Экскурсия в библиотеку». На экскурсию в бибилотеку пришли дети лагеря «Балдаурен» при центре внешкольного
образования и дети детского сада №1 «Күншуақ». Цель экскурсии — знакомство с библиотекой , формирования
интереса к книге – вызвать у учащихся интерес к книге, научить их ориентироваться в
библиотечном пространстве, обучить правилам пользования библиотекой. Библиотекарь отдела Жиенбаева Т.С.
ознакомила детей с правилами библиотеки. Во внимание детей был представлен
слайд «Кітапхана – кітап үйі»Мероприятие было познавательным и интересным
для детей. Получили много информации об отделах библиотеки. Была оформлена книжная
выставка «Жақсы кітап-жан азығы» и проведен обзор
книжной выставки .

 

 

Автор публикации

не в сети 15 часов

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 564Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий