«ӨЛЕҢ, МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ!»

 Аудандық кітапхананың оқу залында қараша   айының 
25  күні  Хромтау аудан әкімдігінің қолдауымен  Хромтау  
аудандық  мәдениет  және 
тілдерді  дамыту бөлімі  ММ және Хромтау аудандық орталық кітапханасы
ақын  Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына
орай  «ӨЛЕҢ МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ!»  атты аудандық Фариза оқулары  байқауын ұйымдастырып өткізді.
Байқаудың
мақсаты:
қазақ
поэзиясының классигі, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын
насихаттау, жас таланттардың шығармашылығын қолдау.
Байқауға  қалалық, ауылдық мектептерінен,мекемелерден  32 
үміткер қатысып, әділқазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде- Тасөткел
орта мектебінің оқушысы Мұхамбетжан Айтолқын, I орынды  №5 Хромтау гимназиясының оқушысы Жалғас
Дильназ, II орын- Майтөбе орта мектебінің оқушысы Алпамыс Жансая, III орын — Бөгетсай мәдениет үйінің 
көркемдік жетекшісі Жиенбаева Несібелі иеленді. Жүлдегерлерге бағалы
сыйлықтар, дипломдар  тапсырылды. Екі арнайы
сыйлық –Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенті Мурзагулова Заринаға
және №6 Хромтау гимназиясының оқушысы Шанбаева Айданаға берілді. Сонымен қатар,
аудандық кітапхана атынан 11 қосымша сыйлықтар табысталды. Барлық
қатысушыларға  алғыс хаттар,естелік
сыйлықтар  табысталды.
Марапаттау
рәсіміне қатысқан  аудан әкімінің
орынбасары Қосымбаева Меткүл Ораққызы және 
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Якен Айбек
Жұмабекұлы жүлдегерлерді марапаттап, қатысушыларға алғыстарын білдірді.

   

«ӨЛЕҢ, МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ!» «ӨЛЕҢ, МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ!» «ӨЛЕҢ, МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ!» «ӨЛЕҢ, МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ!»

Автор публикации

не в сети 3 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий