«Махаббат — мәңгі ертегі»

 

Аудандық кітапхананың оқу
залында 15 сәуір күні «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» ғашықтар күніне және Жастар
жылына арналған «Махаббат — мәңгі ертегі» атты сайыс өтті. Сайысқа №2 Хромтау
гимназиясының және Ақжар, Дөң, Табантал орта мектептерінің жоғары класс оқушылары
қатысты. Байқаудың мақсаты- жастардың арасында қазақтың ғашықтық эпостарын,
салт-дәстүрін, саф алтындай сөз өнерін кеңінен насихаттау, оларды рухани
дамыту, талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету, жастардың өмірге деген
позитивті көзқарастарын ұлғайту,кітап оқуға қызығушылығын арттыру. 5 кезеңнен
тұрған сайыста қатысушылар салт-дәстүр бойынша жұптар өздерін таныстыру,
салт-дәстүрге, махаббат дастандарына қатысты сұрақтарға жауап беру, қазақ
әдебиеті шығармаларынан үзінді оқу, өз өнерлерін көрсету кезеңдерінен өтті.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Табантал орта мектебі- І орынды,  Ақжар орта мектебі-ІІ орынды, Дөң орта
мектебінің оқушылары ІІІ орынды жүлделесе, №2 Хромтау гимназиясының оқушылары
«Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды. Шара соңында кітапхана
директоры Н.А. Жетесов қатысушылар мен ұйымдастырушы мұғалімдерге ризашылығын
білдіріп, дипломдар, естелік сыйлықтар, алғыс хаттар табыс етті.

15 апреля в читальном зале
районной библиотеки прошел конкурс «Махаббат — мәңгі ертегі»,
посвященный  Дню «Қозы Көрпеш — Баян
Сұлу»  и Году молодежи.
В конкурсе приняли участие
учащиеся старших классов Хромтауской гимназии №2, Акжарской, Донской,
Табантальской средних школ.
Цель конкурса-популяризация
казахского эпоса, обычаев и традиций, пропаганда духовных ценностей и
развитие, поддержка талантливой, одаренной молодежи, повышение
  позитивного отношения молодежи к жизни,
повышение интереса к чтению.
Конкурс состоял из 5 этапов:
знания традиций, обычаев и обрядов казахского народа,  дастанов любви, чтение отрывков из
произведений казахской литературы, показать свои способности.
Участники конкурса достойно
прошли все туры, показали
  свои
артистические и музыкальные номера. Всем зрителям было интересно смотреть
видео, сделанные самими ребятами и представленный
  в 3-ем туре « love story».В конце мероприятия директор
библиотеки Н.А. Жетесов поблагодарил участников и учителей-организаторов ,
вручил
  благодарственные письма,
дипломы
  и памятные подарки.

 

   


«Махаббат - мәңгі ертегі»  «Махаббат - мәңгі ертегі» «Махаббат - мәңгі ертегі» «Махаббат - мәңгі ертегі» «Махаббат - мәңгі ертегі» «Махаббат - мәңгі ертегі»

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий