📚 Достар!
Хромтау аудандық балалар кітапханасы сіздерді «PHOTO BOOK STORY» флешбугіне қатысуға шақырады! 💫
📖 Флешбук ұраны: «Мен оқыдым – саған да оқуға кеңес берем!»
Сүйікті кітабыңмен селфи жаса!
📘 Кітаптың атауы немесе мазмұнын бейнелейтін әдемі композиция құрастырыңыз.
📷 Суретке түсіріңіз.
💬 Оқыған кітабыңыз туралы қысқаша пікір қалдырыңыз.
Маңызды шарт: суретте кітаптың атауы анық көрінуі керек.
🗓 Флешбук 2025 жылдың 10 қазанынан 20 желтоқсанына дейін өтеді.
📲 Фотосуреттерді WhatsApp арқылы жіберіңіз: +7 771 186 8646
📸 Барлық суреттер кітапхананың Instagram парақшасында жарияланады.
📸 Ең креативті фотосуреттердің авторлары жыл қорытындысына арналған «Үздік оқырмандар шоқжұлдызы – 2025» атты іс-шарада кітапхананың сыйлығына ие болады! 🌟

