Хромтау аудандық кітапханада «Тіл білгірі» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Шараға Хромтау тау-кен жоғары колледжінің студенттері белсене қатысып, өздерінің білімдерін, тапқырлықтары мен тіл мәдениетін көрсетті.

Сайысқа екі топ – «Өркен» және «Жалын» қатысты. Интеллектуалды ойын барысында қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, ана тілі мен мемлекеттік тілге деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін айқын танытты.

Сонымен қатар, студенттер Хромтау ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Кенді өлке Хромтау: 90 жылдық белестері» атты кітап көрмесімен де танысты.

 

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 635Регистрация: 20-10-2021