«Үш бәйтерек – үш діңгек: Сәкен,Ілияс,Бейімбет»

31 қазан күні аудандық кітапхананың оқу залында «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында заманалар өзгеріп, қоғамдар алмасқан аласапыран кезеңде
1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин
мен Ілияс Жансүгіров «тар жол, тайғақ кешу» кезеңіндегі ұлтының көшбасшылары үш
алып бәйтерегіміздің туғанына 125 – жыл толуына орай «Үш бәйтерек – үш діңгек:
Сакен,Ілияс,Бейімбет» атты оқырмандар конференциясы 
өтті.
Конференцияға
мұғалімдер,студенттер,оқырмандар, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы
М.Т.Жұмағалиева, мектеп кітапханашылары
 қатысты. Мақсаты: Қазақтың үш бәйтерегінің өмір
жолын кейінгі жас ұрпаққа таныстыру,шығармаларын насихаттау. 
Шара барысында, аудандық
тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми кызметкері Жолдыбаева Л.К «Өмірлері
өнеге-үш бәйтерек» және № 2 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі Тюлемисова Г.С.
«Үш бәйтерек- үш алып»
тақырыптарында  теңдікті аңсаған,
әділетсіздікті жырлаған, болашағымыздың бостандығы үшін күресіп, арттарында
өшпестей із қалдырған ағаларымыздың мол мұрасы, өмір жолдары туралы баяндама
жасады.  №3 мектеп оқушылары  ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер
оқыды. Оқырмандар оқыған кітаптары бойынша пікір алмасты. 
Аудандық кітапхананың қызметкері
Жиембаева Т.С.«Сіз білесіз бе?»
  айдарымен
ақын-жазушылар туралы косымша деректер бойынша қысқаша баяндап берді. 
Қазақ әдебиетіндегі үш
қайталанбас үш тұлғаның өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық
ғұмырбаяндары ғибратты да,мәнді, жас ұрпаққа үлгі болып қала берері сөзсіз. 
Шара аудандық мәдениет үйінің
қызметкері Г.Бисенов орындауында
 С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнімен аяқталды.
   

«Үш бәйтерек – үш діңгек: Сәкен,Ілияс,Бейімбет» «Үш бәйтерек – үш діңгек: Сәкен,Ілияс,Бейімбет» «Үш бәйтерек – үш діңгек: Сәкен,Ілияс,Бейімбет» «Үш бәйтерек – үш діңгек: Сәкен,Ілияс,Бейімбет»

Автор публикации

не в сети 3 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий