Тахауи Ахтанов-шебер драматург

  26 қазан күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ көркем
прозасының майталман шебері Тахауи Ахтановтың туылғанына 95 жылдығына арналған
«Тахауи Ахтанов – шебер драматург» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке аудандық «Қазақ
тілі» қоғамының төрайымы М
әриям
Жұмағалиева, Хромтау тау-кен техникалық қолледжінің студенттері мен қала
мектептерінің оқушылары қатысты. Шарада аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов алғы сөз сөйлеп, шараға қатысушы
жасөспірімдерге Тахауи Ахтанов туралы тарихи мәліметтер мен тың деректерді
жеткізді. 
Сондай-ақ, шара барысында жазушының өмірбаяны
мен шығармашылығы жайлы бейнероликтер көрсетіліп, № 3 Хромтау орта мектебінің
қазақ тілі пәні мұғалімі Кулумкарина Рахия Жарасханқызының ұйымдастыруымен
аталмыш мектептің 10 сынып оқушылары Тахауи Ахтановтың «Әке мен бала»
драмасынан көрініс көрсетті. Хромтау тау-кен техникалық колледжінің қазақ тілі
пәні мұғалімі Гүлсезім Ситебай жазушының «Күй аңызы» әңгімесін баяндап берді.
Сонымен қатар, аудандық кітапхананың кітапханашысы Дана Мангалова «Заманның
заңғар тұлғасы» атты виртуалды кітап көрмесін көрермендерге ұсынса, балалар
музыка мектебінің домбыра үйірмесінің оқушысы
Рамазан Әділет «Әлқисса» күйін орындап, аудандық мәдениет үйінің өнерпазы
Фариза Елекбаева ән тарту етті. 
Шара соңында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының
төрайымы М
әриям Жұмағалиева бұл шараның балаларға берері көп
екендігін, осындай ұлы тұлғаларды жастар мен оқушыларға кеңінен насихаттау
керектігін жеткізіп, көрермендерге керемет рухани әсер берген әдеби кешті
ұйымдастырған аудандық кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді. 

 

   

Тахауи Ахтанов-шебер драматург Тахауи Ахтанов-шебер драматург Тахауи Ахтанов-шебер драматург 

Автор публикации

не в сети 3 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий