Танысайық, жаңа кітаптар!

 2017 жылғы тамыздың 20-27 жұлдызы аралығында аудандық кітапханада «Жаңа түскен әдебиеттер» атты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге білім салалары бойынша жаңадан түскен 120 дана кітап қойылды. Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат-оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту.
Көрмеге ақын-жазушылардың шығармалары мен шетел аудармалары, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітаптар, тарихи деректер мен энциклопедиялар, ауыл шаруашылық, медициналық, педагогикалық, психологиялық оқулықтар мен мәдениет пен өнер, сондай-ақ оқушыларға арналған танымдық кітаптар қойылды. «Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері» әдеби альманах, Д. Мәсімханұлының Таңдамалы 3 томдық, С.Қорабайдың «Қазақтың сал-серілері» танымдық жинақ, М.Қыдырбаевтың «Сиқырлы саз сырлары» күй тарихы.«Ұлы дала елі» қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, тағамдары.Кітап үш тілде жазылған: қазақша,орысша, ағылшынша., Қ.Елеместің «Шырағым-ай» әдептілік туралы әңгімелер жинағы, Н.Құлбаевтың «Біз қонақжай елміз» фотоальбом, Е.Тоқсанұлының «Бауырым-ай» шығармасы, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы-айтулы мерекеге орай спорт тақырыбына арналған тұңғыш роман. О.Сүлейменовтің бес томдық шығармалар жинағы, А. Абасилов «Әлеуметтік лингвистика сөздігі» әлем тілдері туралы қысқаша мәліметтер, Ә.О.Жалдыбаевтың «Темірбек Жүргенов-Қазақстандағы тұңғыш озық мәдениет революциясының бас жасампазы» тарихи тұлғаның өмір жолы туралы баяндалады, И.Н.Иманқұловтың «Әбділдин диалектикасы» философияны сүюші қауымға арналған, Б.Т.Бораштың «Қазақ фольклорындағы хандар бейнесінің көріністері» монографиясы, М.Мұхамадиеваның «Аңсар жүрек» өлендер жинағы, Н.Қамадидың «Хан Мөде» әңгімелер мен хикаяттар, Б.Құрманбековтың «Қобда ауданының тарихы» архивтік деректер, Х-М.Қыдырбайұлы «Бас домбыра үйрету мектебі» әдістемелік оқу құралы, Х-М.Қыдырбаев «Күйшілер мен күйлер» атақты күйшілер туралы қысқаша анықтама, Х-М.Қыдырбаевтың «Есбай» атақты Есбай күйшінің бұрын-соңды жарыққа шықпаған көптеген күйлерінің нотасы алғашқы рет жарияланып отыр, Г.И.Осадчий «Географический словарь Актюбинской области», Ж.Бисенбайулы «Чокан Валиханов»: Историко-биографическое повествование, С.Құлбарақ «Ұлттық рух және поэзия»: зерттеу, ой-толғам, О.Сарсенбай «Өмір-тарих» өмірнама әңгімелер жинағы, М.Мырзахметұлы «Жер тарихы-ел тарихы» жер-су,елді мекен атауларына мағлұмат, Н.Кенжегулова «Декабрьское восстание 1986 года в печати Казахстана»:Научно-познавателная повесть, Ш.Құмарованың «Сезім патшалығы» детектив пен эпикалық желіге құрылған роман, Х-М. Қыдырбаевтың «Қазақ музыка әдебиеті «Орыс музыка әдебиеті»; «Кеңес музыка әдебиеті»; «Шетел музыка әдебиеті» балалар музыка мектебінің оқушыларына арналған оқулықтар және т.б. көптеген кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды.
Құрметті кітап сүйер қауым! Біздің кітапхана қорымызға түскен бұл әдебиеттерді, сіздердің назарларыңызға ұсынамыз, әр бір оқырман өзіне тиісті кітаптарын таба алатынына сенеміз. Кітапханаға келіңіздер!



 

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий