«Туған ел үшін әрдайым, жауқазын жырды арнаймын» атты жас ақындармен кездесу кеші

 12 қазан күні
С.Бәйішев атындағы облыстық кітапханасында Хромтау аудандық кітапхана мен
аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20
жылдығына арналған «Туған жерім – Нұрлы елім» атты Ақтөбе қаласындағы Хромтау
ауданының күндеріне орай «Туған ел үшін әрдайым, жауқазын жырды арнаймын» атты
Хромтау өңірінен шыққан жас ақындармен кездесу кеші өтті. Жас ақындарға қолдау
көрсету, жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шыңдау,
шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға
филология ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мұсаев, поэзия әлеміне жол
тартқан жас қаламгерлердің қадамдарына қолдау  көрсетіп,  жыр жинақтарын шығаруға атсалысып жүрген ақын,
Қазақстан Жазушылары одағының мүшесі Гүлімай Қуанышева және халық мұңын жоқтап
өлеңдер жазған халық ақыны Әкімәлі Қаржауовтың
 жиен немересі, ақын Есенбек Жұмағалиев, Хромтау ауданына қарасты
Тасөткел ауылының Ащы елді мекенінде дүниеге келген ақын, Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасының иегері Қызмет
Нұралиннің жиен немересі, облыстық жас
 ақындар мүшәйрасының жүлдегері Наурызбай Асылбеков қатысты. Поэзия
кешінің шымылдығы Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің
директоры Нұртай Жетесовтың құттықтау сөзімен ашылды. Арнайы қонақтар Хромтау
ауданының тарихын баяндай отырып, жас ақындарға өлең атты өмірде алда болуды
тіледі және көрермендерге өз өлеңдерін оқып, шараны ұйымдастырушыларға
алғыстарын жеткізді.Сондай-ақ, шара барысында жас ақындар туған жеріне,
тәуелсіздік тақырыптарында өлеңдерін оқыса, Хромтау аудандық мәдениет үйінің
директоры Айтжанов Сисеннің орындауында жас ақын Жұлдыз Қожабекованың сөзіне
жазылған «Хромтау вальсі» әні шырқалды. Облыстық мәдениет, архив және құжаттар
басқармасының маманы Гүлжан Маханова:
-Хромтау ауданы
негізінен өзінің кенді байлығымен әлемге танылған аудан. Дегенменде, бүгін ауданда
рухани мәдениеттің де жақсы дамығандығын жас ақындар дәлелдеп отыр. Бүгінгі таңда
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы жас өрендерге мүмкіндіктер туғызуда.
Сондықтан, осында отырған жастарды және Ақтөбе қаласының жастарын осы жоба
аясында ғылыми жұмыстарыңыз болса, біздің басқарма қолдауға дайын, — деп жас
ақындарға шығармашылық шабыт тілеп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Сонымен
қатар, өлең кешінде Хромтаулық жас ақындардың өлеңдері енген «Жас толқын жырлары»
атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Туған ел үшін әрдайым, жауқазын жырды арнаймын» атты жас ақындармен кездесу кеші «Туған ел үшін әрдайым, жауқазын жырды арнаймын» атты жас ақындармен кездесу кеші «Туған ел үшін әрдайым, жауқазын жырды арнаймын» атты жас ақындармен кездесу кеші «Туған ел үшін әрдайым, жауқазын жырды арнаймын» атты жас ақындармен кездесу кеші

   

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий