«Тұғыры биік – Туымыз, еңсесі биік – Елтаңба, әуені асқақ – Әнұран»


4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Биыл рәміздердің 25 жылдық мерейтойы. Конституциялық заң 2007 жылдың 4-ші маусымында қабылданған болатын. Рәміздер кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттарының бірі.
Көк Туымыздың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты, көгілдір түсті Туымыз бейбіт аспанда желбіреп тұр. Сабының тұсы ұлттық оюмен тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Ал Елтаңбамыз дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тараған уықтар шаншылған. Арнайы байқау ұйымдастырылып, 250 нұсқаның ішінен таңдалған қазіргі Елтаңбамызды белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов салды.
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның Әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді.
Бірінші рет 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалған Әнұранымыз қашан да қазақтың намысын асқақтатып, әуелей түспек.
Музыкасын Шәмші Қалдаяқов, сөзін ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазған.
Осы күнге байланысты 3 маусым күні Хромтау аудандық кітапханасы мектеп оқушылары мен ұстаздарға «Тұғыры биік – Туымыз, еңсесі биік – Елтаңба, әуені асқақ – Әнұран» атты танымдық сағатын өткізді. Шара барысында слайд көрсетілді және балаларға рәміздердің тарихына байланысты сұрақтар қойылды.
 

 


4 июня Казахстан отмечает День государственных символов. 25 лет назад впервые была утверждена новая символика Независимого государства. Их всего три.
Голубой Флаг с золотистым солнцем и 32-мя лучами, под которыми парит орел. Отношение ширины Флага к его длине по Закону должно быть строго один к двум.
Герб Казахстана имеет форму круга. Центральным элементом, вобравшим в себя основную идею Герба, является шанырак, как символ общего дома для всех казахстанцев. Крестообразные, тройные кульдреуши шанырака символизируют единство трех жузов, которое обеспечивает его прочность.
Оба символа исполнены в единой цветовой гамме – золотистый и голубой.
И третьим является Гимн – он чуть новее других символов. С января 2006 года главной песней страны стала любимая народом композиция «Менің Қазақстаным».
В честь данного праздника 3 июня Хромтауская библиотека провели учебный час под названием «Тұғыры биік – Туымыз, еңсесі биік – Елтаңба, әуені асқақ – Әнұран». Участвовали в этом мероприятии ученики школ города Хромтау и их учителя. Была представлена презентация, задано много вопросов и получены ответы.

  

 

Источник http://khabar.kz/archive/ru/obshchestvo/item/25370-kazakhstantsy-prazdnuyut-den-gosudarstvennykh-simvolov-rk

«Тұғыры биік – Туымыз, еңсесі биік – Елтаңба, әуені асқақ – Әнұран» «Тұғыры биік – Туымыз, еңсесі биік – Елтаңба, әуені асқақ – Әнұран» 

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий