«Үздік оқырман-2018»

    6 желтоқсан күні аудандық кітапхана оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында жылдың қорытындысы бойынша «Үздік оқырман-2018» марапаттау кешін ұйымдастырды. 2018 жылы жыл көлемінде кітапханаға үзбей келіп, ең көп кітап оқыған, мәдени шараларға қатысып, клуб отырыстарында белсенділік көрсеткен тұрақты оқырмандар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. Кітапханада өтетін көлемді шаралардың ұйтқысы болып, ақыл кеңесін беріп, ауданымызда тіл мәртебесін көтеруде аяусыз тер төгіп жүрген, тіл жанашыры Мәриям Төреғалиқызына «Кітап жанашыры» номинациясы берілді. «Кітапхананың ең белсенді оқырманы» номинациясы бойынша Нурмуханбетов Алмат Сайлаубайұлына, «Кітапханаға адалдық үшін» номинациясы бойынша Кулетенов Куаныш Ахметұлы, «Балалар әдебиеті бөлімінің ынталы оқырманы» номинациясы бойынша Еркін Нұрдәулет, «Балалар әдебиеті бөлімінің үздік оқырманы» номинациясы бойынша Нурмагамбетова Алмажан, «Үздік жасөспірім оқырман» номинациясы бойынша Якиева Акжан, «Үздік оқырман отбасы» номинациясы бойынша Дербисбаевтар отбасы, «Үздік оқырман – 2018» номинациясы бойынша Костикова Любовь Ивановна, «Үздік оқырман мектеп» номинациясы №3 Хромтау орта мектебі, Кітапхананың сенімді серіктесі» номинациясы бойынша №3 Хромтау орта мектебінің кітапханашысы Талтанова Айгүл Амандыққызы, «Үздік оқырман балабақша» номинациясы бойынша №7 Еркетай бөбекжай-балабақшасы естелік сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Шара соңында кітапхана директоры Жетесов Нұртай Алмасұлы тұрақты оқырмандар мен іс-шараларға белсене қатысқан мұғалімдерге және барлық балабақша ұжымдарына алғыс хаттар табыстады.

  6 декабря 2018 года районная библиотека пригласила своих читателей на награждение лучших из лучших по следующим номинациям :
«Кітапхананың ең белсенді оқырманы» — Нурмаханбетов А.С., «Кітапханаға адалдық үшін» — Кулетенов К.А.,«Балалар әдебиеті бөлімінің ынталы оқырманы» — Еркін Н.,«Балалар әдебиеті бөлімінің үздік оқырманы» — Нурмагамбетова А. А.,«Үздік жасөспірім оқырманы» — Якиева А.,«Үздік оқырман отбасы» — семья Дербисбаевых, «Кітапхананың жан ашыры» — Жумагалиева М.Т.,«Кітапхананың сенімді серіктесі» награждена библиотекарь ХСШ № 3 Талтанова А.А. Все они были отмечены дипломами и ценными подарками.
Районная библиотека отметила,что в течение года все школы и детсады города принимали активное участие в мероприятиях, конкурсах. В их числе Махмудова А.А. Дусенгалиева А.К.,Бисенбаева С.А.,Кулумкарина Р.Ж. Нуржанова Ж.Е. Им вручены благодарственные письма.
По номинации «Үздік оқырман – 2018» была признана Костикова Л.И., «Үздік оқырман мектеп – 2018» присужден ХСШ № 3, а лучшим по номинации « Үздік балабақша – 2018 » признан детсад-ясли № 7 «Еркетай». Им вручены дипломы, статуэтки и ценные подарки.

«Үздік оқырман-2018» «Үздік оқырман-2018» «Үздік оқырман-2018» «Үздік оқырман-2018»

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий