Жастығын жалын шарпығандар

     Хромтау аудандық кітапхана қабырғасында 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына 29 жыл толуына байланысты «Жастығын жалын шарпығандар» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Н.Елеутов, қалалық мектеп оқушылары, тау-кен техникалық колледжінің студенттері және батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ардагерлер қатысты. Шара Отан үшін соғыс жалынынан қорықпай, кеудесін оққа тосып қаза болған жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алудан басталды. Кездесуде сөз сөйлеген «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Н.Елеутов өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ардагерлерді жасөспірімдерге үлгі етті. Шара барысында аудандық мәдениет үйінің әншілері ардагерлерге арнап ән орындаса, мектеп оқушылары жалынды жырларын тарту етті. Ардагерлер жасөспірімдерді елдің патриоты болуға шақырып, тарих беттеріндегі естеліктерімен бөлісті және әр жыл сайын шара ұйымдастырып, елеусіз қалдырмайтын кештің өтуіне түрткі болған кітапхана ұжымына өз алғыстарын білдірді. Кітапхана қызметкерлері шараға қатысушыларды ауған соғысының қыр-сырын сипаттайтын кітаптармен таныстырып, оқушылар мен студенттерге кітап оқуға кеңес берді. Кездесу соңында кітапхана ұжымы атынан ардагерлерге арнайы сыйлықтар беріліп, шараға қатысушылар естелік суретке түсті.

  К 29-летию вывода советских войск из Афганистана 15 февраля в стенах Хромтауской районной библиотеки состоялась вечер — встреча с ветеранами Афганской войны «Они сложили Молодость в бою». На встречу были приглашены председатель общества «Қазақ тілі» М.Т. Жумагалиева, руководитель районного отдела культуры и развития языков К.Н.Елеутов, капитан Хромтауского районного военного комиссариата Ахметов Т.К., учащиеся школ №5, №3, военрук и студенты горно-технического колледжа и воины-интернационалисты. Мероприятие началось минутой молчания в дань уважения и почтения погибших воинов-интернационалистов. Первое слово было предоставлено председателю общества «Қазақ тілі» Жумагалиевой М.Т., начальнику Хромтауского районного отдела культуры и развития языков Елеутову К.Н. В ходе мероприятия ветераны призывали молодое поколение быть патриотами своей страны, чтобы обязательно служили в рядах казахстанской армии, делились воспоминаниями. Из воспоминании участников афганских событий:
« В Афганистане, мы не только воевали, исполняя интернациональный долг, но и просто пытались выжить. Когда кругом витала смерть, мы верили, что защищали афганский народ, стояли на страже своих границ». Воины – интернационалисты выразили свою благодарность коллективу библиотеки, которые не забывают ветеранов афганской войны и каждый год организовывают встречи. В исполнении работника районного дома культуры Бисенова Гани прозвучали песни. Библиотекарь читального зала сделала обзор книг. Для ветеранов афганской войны от коллектива районной библиотеки были вручены подарки.

Жастығын жалын шарпығандар Жастығын жалын шарпығандар  Жастығын жалын шарпығандар Жастығын жалын шарпығандар Жастығын жалын шарпығандар  

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий