1 шілде — Ұлттық домбыра күніне орай орталық саябақта бұқаралық домбырашылар шеруі өтті. Осыған орай Хромтау аудандық кітапханасы «Қазағымның қазынасы — домбыра» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Домбыра – қазақ халқының өте ерте және кең тараған, табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көрмеде аспаптың тарихы, түрлері, жасалу технологиясы, домбыраның пайда болуы туралы аңыз, домбыраны үйрену және Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина сынды өнер иелерінің күйлері туралы кітаптар қойылды. Қала тұрғындары кітап көрмесіне ерекше қызығушылық танытты.