2 сәуір Халықаралық балалар кітап күніне арналған «Менің кітабым» атты ертеңгілік ұйымдастырылды

Хромтау аудандық балалар кітапханасы 2 сәуір Халықаралық балалар кітап күніне арналған «Менің кітабым» атты ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға мектептен тыс білім беру орталығының «Сурет» үйірмесінің балалары қатысты.
Шараның мақсаты: балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында балалар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтып, кітап туралы өлеңдер оқыды және өз қолдарынан кітап жасады.
Кітапханашы «Кітап- даналардың данасы» атты кітаптар көрмесіне шолу жасап, балаларға арналған журналдармен таныстырды.

https://www.instagram.com/reel/C5QClLvMJlt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 576Регистрация: 20-10-2021