Жаңа кітаптар көрмесі

Хромтау аудандық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде  «Атамұра кітапханасы» сериясымен басылып шығарылған «Кітап - әлемнің жаршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқырман қауымды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру. Көрменің виртуалды форматы facebookта - Хромтау аудандық кітапхана https://goo.su/1wru және  khromtau_kitapkhana инстаграм https://goo.su/1Wrt   аккаунтына тіркелген пайдаланушылар назарына ұсынылып отыр.    Кітап адам өміріндегі ең қажетті құндылық және ондағы білімді заман талабына сай жүйе арқылы бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Сондықтан көп кітап оқып, кітап жанашыры болуға шақырамыз!

0 комментариев

Балаларға базарлық!

Балалар кітапханасында оқырмандарға арналған  \"Әлемді кітаппен таны\" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып,   жаңадан түскен әдебиеттерге шолу жасалынды. Ежелгі Қазақстан тарихы, детектив пен фантастика, бүлдіршіндерге арналған санамақтар, әліппе кітаптары мен қыз балаларға арналған энциклопедиялар балаларды бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз.  Келіңіз, таңдаңыз, оқыңыз! Көрменің виртуалды форматын кітапхананың инстаграм https://goo.su/1Wrt  парақшасында  көре аласыз.  

0 комментариев

\»Байғанин оқулары — 2020\»

           Аудандық балалар кітапханасында қазан айының 1-15 күндері аралығында Қазақстанның халық ақыны, айтыскер, эпик, жыршы жырау Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығына «Байғанин оқулары» көркемсөз оқу онлайн байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Көркемсөз оқу байқауына барлығы 18 талапкер қатысты. Байқау  талабы бойынша ақынның өлеңін және дастанынан үзінді оқуда мәтін көлемінің 2-3минуттан аспауы керек. Байқау қорытындысында ІІІ орын – Орал Махаббат  Бөгетсай мектеп-гимназиясынан, Жақсатова Зарина Дөн мектеп-гимназиясынан, Алила Жасұлан Сатпаев орта мектебінен. ІІ орын – Қажығали Аяулым Майтөбе орта мектебі, Ахметов Даниял Сатпаев орта мектебінен иеленіп, арнаулы дипломдармен марапатталды.Байқауға қатысқан талапкерлерге белсенділік танытқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Н.Байғаниннің  «Еңбек туралы жыр» өлеңін , «Ел тілегі»  дастанын оқып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен І орын иегері №5 Хромтау мектеп-гимназиясынан Аманкелді Рауан облыстық кезеңге жолдама алды.                                                             Осы жоғарыда аталған жеңімпазымыз…

0 комментариев