«Бір ел — бір кітап — 2025» республикалық акциясы

Құрметті оқырмандар!

“Бір ел – бір кітап – 2025” республикалық акциясы аясында еліміздің әдеби мұрасын бірге танып, рухани байлығымызды бірге дәріптеуге шақырамыз.

Биылғы таңдаулы шығармалар:
📖Проза жанры бойынша – ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақыны, сыншысы, аудармашы әрі суреткері Тәкен Әлімқұловтың туындылары.
📖Поэзия жанры бойынша – биыл 90 жылдық мерейтойы атап өтілетін, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары.

Осы әдеби туындыларды бірге оқып, талқылау арқылы халқымыздың рухани байлығын тереңірек түсінуге мүмкіндік аламыз. Баршаңызды шығармаларды оқуға және ұйымдастырылатын шараларға белсене қатысуға шақырамыз!📚Әдебиет әлемінде бірге болайық!

Автор публикации

не в сети 32 минуты

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 609Регистрация: 20-10-2021