Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Құрметті оқырмандар! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!   https://www.instagram.com/reel/C4z-ls5M3Cu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

“Ұлттық ойын-халық мұрасы” атты мерекелік іс-шара

20 наурыз-Ұлттық спорт күніне орай Хромтау аудандық балалар кітапханасы №5 мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен “Ұлттық ойын-халық мұрасы” атты мерекелік іс-шара өткізді. Оқушылар ұлттық ойындар тарихымен және Наурыз дәстүрімен танысты. “Көтермек”,” Күш сынасу”, “Арқан тартыс” ойындары ұйымдастырылды. Шара барысында мектептің әдіскер-ұйымдастырушысы Муланова Назым Сәбитқызы қыздар арасында ойналатын”Бес асықтың” ережесі мен шарттарын айтып, қызықты ойын ойнатылды. https://www.instagram.com/reel/C4u3NpksGIX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

“Ұлттық киім-ұлт ажары” байқауы

Ұлыстың ұлы күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен “Ұлттық киім-ұлт ажары” атты балабақша тәрбиешілері арасында ұлттық киімдер байқауы өтті. Байқауға 7 бөбекжай-балабақшасы қатысты. 🌱Халқымыздың ұлттық киімін насихаттау мақсатында өткізілген бұл байқауда қатысушылар өздерін таныстыру, салт-дәстүр туралы сұрақтарға жауап беру және ұлттық киімнің үлгілерін , өз өнерлерін көрсету сынды бірқатар шарттарды орындады. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі орын , сый -сыяпаттармен марапатталды. https://www.instagram.com/reel/C4v6G-9MHFO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев