Хромтау аудандық кітапханасында жазушы Мұхтар Мағауиннің 90 жылдығына арналған “Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” атты портрет кеші өтті.
📖Шара барысында Мұхтар Мағауинның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, еңбектері мен шығармалары жайлы әңгіме болды. Мағауиннің ұлттық әдебиетті, мәдениетті зерттеудегі рөлі, сондай-ақ тарихи романдарымен қазақ халқының өткенін жаңаша көзқарас тұрғысынан көрсетуі кеңінен талқыланды, оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар беріліп, жазушының кітаптарына библиографиялық шолу жүргізіліп, «Аласапыран» романы бойынша бейнеролик көрсетілді.
🔹Кешке 7 мектеп-гимназиясының оқушылары, кітапхана қызметкері Ильясова Жайнагуль қатысты.