«Қазақтың қазыналы қаламгері» оқырмандар конференциясы

Аудандық кітапханада «YMYRTTAGY KUTAPHANA» әлеуметтік — мәдени шара аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына​ арналған оқырмандар конференциясы өткізілді.

🔹Шара барысында ​ көрнекті жазушы, елден ерек драматургиясымен ел есінде қалған тұлғаны еске алып, шығармалары жас ұрпаққа дәріптелді. Конференцияға №5 мектеп-гимназиясының​ оқушылары,кітапхана қызметкерлері, тұрақты оқырманымыз, зейнеткер-ұстаз Достанова Набира апай қатысты.

🔹Шара Балалар музыка мектебінің оқушысы Сұлтанғали Ж орындауында, жетекшісі Муфтиева М.Н, Қазанғаптың «Құс қайтару» күйімен басталды.Кітапхана қызметкері Жаханова А.М «Әдебиет әлеміндегі шырақ сәулесі» тақырыбында баяндама жасады.

🔹«Шырағы сөнбеген кемел тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Набира апай оқушыларға қаламгердің шығармалары туралы баяндап берді. «Шырағың сөнбесін» романы бойынша буктрейлер көрсетілді.

🔹Оқушылар жазушының шығармалары бойынша​ қойылған сұрақтарға жауап берді. Аталмыш шарадан алған әсерлерімен бөлісті. Кітапхана директоры Баймұратова Б.Ұ белсене қатысқан оқушыларға алғыс хаттар ұсынды.

Автор публикации

не в сети 5 дней

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 572Регистрация: 20-10-2021