Балалар кітабы апталығы/Неделя детской книги

25 күні апталықтың екінші күні «Ертегілер еліне саяхат» тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ертегі кейіпкерлері бүлдіршіндерге жұмбақ жасырды. Тұрақты оқырмандар бірден жауабын тауып, хормен айтысты. Мерекелік шараға МТББОрталығының «Балақай» қуыршақ театры үйірмесінің оқушылары мен жетекшісі Ибраева Ж.А. қатысып ертегілер қойылымын көрсетті. 25 марта – апровели воспитательный час. «Путешествие в сказку», а так же кукольный театр под руководством Ибраевой Ж. показали сказки.  

0 комментариев

Балалар кітабының апталығы/ Неделя детской книги

Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізіледі. Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады. Оларға бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылып, кішкентайлардың санасын ояту мақсатында түрлі дәрістер де оқылады. Әлемнің ұрпақтары білімді де, саналы болып өсу үшін қай мемлекет болса да, жай қарап жатпасы анық. Осы күнге орай көптеген белді компаниялар балаларға арналған кітаптардың жарық көруіне ат салысады. Өздерінше қолдау көрсетіп, демеушілік етер ұйымдардың саны артады. Жыл сайын әлем елдері мерекенің тақырыбын алдын ала белгілеп, арнайы атақты авторларды қонаққа шақырады. Осы арқылы балалардың көңілін білім мен танымға арттырады. Көктемгі демалыс күндерін Хромтау аудандық кітапханасында өткізуге шақырамыз! Сіздерді төмендегідей бағдарлама бойынша іс-шаралар күтуде. Книги для детей – это необычная литература, она красочная, яркая, на первый взгляд простая, но несущая…

0 комментариев

Барлығын шақырамыз!/Приглашаем всех!

24 наурыз күні Шараның ашылу салтанаты әдемі, көркем атпен аталған «Кітап деген ғажайып әлем» атты театрландырылған көрініспен басталды.«Тапқыр оқырман» атты оқырмандар сайысы өтті. Балалар екі топқа бөлініп «Кітапсүйгіштер» және «Кітапқұмарлар» тобы болып жарысты. Сайыста «Сөз тапқанға?» (әріпке қатысты сөз арқылы сұраққа жауап беру), «Сен білесің бе?» (сұрақ-жауап), «Ойлан тап!» («Кітапхана» сөзінен сөз құрау), «Суретпен жұмыс» (берілген суреттен әңгіме құрау) кезеңдер болды. Балалар ойында белсенділік пен шапшаңдылық танытты. Осы өткізілген шараға Мектептен тыс білім беру орталығының «Ән әлемі» вокал үйірмесінің жетекшісі Бисенова С.А. шәкірттерімен қатысып мерекеге арнап әндер шырқап берді. 24 марта – день открытия мероприятия началось с театрализованного представления «Кітап деген ғажайып әлем»: Между читателями провели конкурс. Находчивый читатель, где читатели отвечали на вопросы, касающие книг.     

0 комментариев