Қарасаздан ұшқан қарлығаш

19 ақпан күні №5 мектеп-гимназиясында аудандық кітапхана және аудандық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай ақынның қуатты да көркем шығармалары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өлең сөздің құдіретімен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жастарды ынталандырып, әдеби шеберлікке баулу мақсатында «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» атты аудандық байқау өтті. Байқау ақынның өлеңін оқу, өлеңдерінің сөзіне жазылған әндерді орындау және «Жырсаңдық» деген үш кезеңнен тұрды. Байқауға 8 қатысушы сынға түсті, әділқазылардың шешімі бойынша І орынға –Аманжолов Ержан -№3 мектеп оқушысы, 2 орынға Алдабергенова Салтанат-Хромтау тау-кен техникалық колледжінің 3курс студенті, 3 орынға Әбдразақов Арыстанбек –Хромтау тау-кен техникалық колледжінің 2 курс студенті. Қатысушылар алғыс хаттарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды 19 февраля в актовом зале школы- гимназии №5 районная библиотека совместно с ГУ «Районный дом культуры» организовали и провели районный конкурс «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» к 85-летию поэта Мукагали Макатаева. Конкурс состоял из трех туров – выразительное чтение поэзии поэта,исполнить…

0 комментариев

Бауыржан Момышұлы

Аудандық кітапхана және аудандық өлкетану музейінің қызметкерлері бірлесіп жас ұрпаққа көше атауының мағынасын түсіндіру мақсатында «История моей улицы» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара Бауыржан Момышұлы татындағы көшеде өткізілді. Көше тұрғындарына Б. Нумуханова көше тарихын, қашан, кімнің атына берілгені және Бауыржан Момышұлының өмірі мен атқарған қызметі туралы айтып берді. Музейде қандай материалдар мен экспонаттар сақталатындығы туралы, музей экспонаттарының бірі жергілікті шебердің жасаған Б.Момышұлының портерті бейнеленген кілем баршаға көрсетілімге қойылды. Аудандық кітапхана әдіскері Б.Абиева Бауыржан Момышұлы туралы жаңа кітаптармен таныстыра отырып, қалаған тұрындарды аудандық кітапханаға шақырды. Осында кітапхана және музейдің жарнама парақшалары таратылды. Іс-шара аудандық кітапханада жалғасын тапты, кітапханашы А.Курманова «Батыр халық жүрегінде» атты кітап көрмесімен таныстырды. Работниками районной библиотеки совместно с сотрудниками районного краеведческого музеябыло проводено мероприятие - «История моей улицы», целью которого является доведение до молодого поколения значение названия улицы.Мероприятие прошло на улице Бауржана Момыш улы. Жителям улицы Нурмуханова Б. рассказала об истории улицы, когда, как и в честь кого названа улица, на которой они живут ,…

0 комментариев