«Ұлы Нәубет: Қасіреті мен тағылымы» атты кітап көрмесі

Хромтау аудандық кітапханасы 31 мамыр күні Жеңіс аллеясында жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш жанында еске алу жиыны өтті. Шараға аудан әкімдігі, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық тарихи-өлкетану музейі, білім бөлімі, аудандық кітапхана, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
Шара барысында жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынып, гүл шоқтары қойылды. Аудандық кітапхана «Ұлы Нәубет: Қасіреті мен тағылымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындады.

https://www.instagram.com/reel/C7n_Qm8szEU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 576Регистрация: 20-10-2021