«Қазақстан – бірліктің берекелі бесігі» «Казахстан-колыбель единства народов»

«Қазақстан – бірліктің берекелі бесігі» «Казахстан-колыбель единства народов» атты

 

Өткізілетін орны: Аудандық кітапхана

Өтетін уақыты:  26.02.2015 жыл.

 

Көрнекілігі: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр», «Один народ-одна страна-одна судьба»  тақырыбында кітап көрмесі. Шарлар ілініп ,залда күй ойналып тұрады.

                                                      Күй ойналады.

Жүр:Қайырлы күн,қадірменді қонақтар, оқырмандар,оқушылар ! Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады деп , бүгінгі мерекелерімізбен құттықтай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына  орайластыра өткелі отырған  «Қазақстан – бірліктің берекелі бесігі» атты  әдеби –сазды кешімізді  ашық деп жариялаймыз.

Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып,  жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. Бүгінгі таңда Қазақстанды 120 — дан астам ел танып, 130 — дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату — тәтті өмір сүруде! Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес.

Бүгінгі шараның мақсаты : Қазақстанда тату — тәтті өмір сүретін халықтардың әдет — ғұрпын, дәстүр — тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.

Вед:   Добрый день, уважаемые гости, читатели! В нашем миролюбивом государстве процветает  единство и согласие, и сегодня мы проводим     литературно-музыкальной вечер    посвященный  20-летию Ассамблеи народов Казахстана. Под девизом : «Казахстан-колыбель единства народов   в целях упрочения  единства народов, для  поддержания мира и согласия мы должны с уважением относиться к традициям, обычаям, языкам и религиям проживающих народов в Казахстане.

     Государство, где проживает в мире и согласии  народы 130-ти национальностей ,знают в 120 странах мира.Все они говорят на разных языках, и в то же время дружат между собой. Шанырак символизирует отчий дом, а в более широком смысле, всю вселенную. Образ шанырака — это образ общего дома, всех людей, проживающих в Казахстане. Если шанырак — это дом, а уыки — это народы, то благополучие в нем зависит от каждого из нас, потому что мы все — народ Казахстана.

Бүгінгі мерекемізді күмбірлеген күймен бастасақ дейміз.  Желдібаевтің Жетекшісі Мұхамеджанов Талғат Бурханұлы.

Алғашқы құттықтау сөз  кезегі аудан әкімінің орынбасары Аспенов Нұркен Даулетярұлына беріледі.

 

Жүр:  Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, Қазақ, Өзбектер
Армян, түрік, грузин.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр – деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату — тәтті, достық қарым — қатынаста.
«Жақсыда жаттық жоқ» деп халқымыз айтқандай, біздің Қазақстан Республикасы осындай көп ұлт өкілдерін бауырына басып, барлығы бір шаңырақтың астында тату өмір сүріп жатыр.Ұлтына,нәсіліне,діни сеніміне қарамастан бұл ұлт өкілдері Қазақстан халқын құрайды.

Ән: «Қазақстан-өз елім!» орындайтын Есіркепов Ұлан.

Вед:  

Мы дружной семьею живем в Казахстане

Татары,уйгуры и русские с нами.

Так пусть же крепнет во веки веков.

Дружба народов всех возрастов

Дружба народов-не просто слова

Дружба народов навеки жива.

Наше государство-Республика Казахстан объединил нации и народности в единую братскую  семью. В нашей республике полное равноправие разноязычных народов. Сближению и расцвету культуры народов нашей страны способствует дружба. Дружба-символ братства. Дружба-самое дорогое и самое необходимое условие жизни всего общества.

Слово предоставляется председателю районного общество «Қазақ тілі» Жумагалиевой М.Т.

Жүр: 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен  Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды.Ассамблеяның бастауымен Қазақстанда 621-ге жуық этно-мәдени ұйымдар, республикалық мәдени орталықтар жұмыс істеуде. 20 жылдық тарихында  Ассамблея  қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.

Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, «Өзбек» биін тамашалауға шақырамыз. Орындайтын №3 мектеп оқушылары Арайлым Аблайхан, Динара Қорған .
Жүр: Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.«Елу жылда — ел жаңа» дейді қазақ. Қазақ қоғамы 50 жылда емес, 20 жылға жетпей-ақ жаңарды. Жаңа тұрпатты, жан-жақты жетілген жаңа ұрпақ қалыптасты. Қазақстан атты қуатты, жас та өршіл мемлекет өркениет көшіне қарқынды қадам басты. Бүгінгі таңда кең-байтақ Отанымызда ұрыс жоқ, ырыс бар. Берекеміз де, мерекеміз де бар. Ол — осы бірліктің арқасы. Ынтымақтың арқасы. Достық пен өзара жарасымның арқасы. Талай қиындыққа төзе білген қазақтың арқасы. Қазақты түсіне білген туыс-бауырлардың да арқасы.

Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқуға №1 мектеп оқушысы Шелкунова Анастасияны шақырамыз.

№1 мектеп оқушысы Свиридова Ангелинаны шақырамыз ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Туған жер» өлеңін оқиды.

 

Вед:  Важным элементом политической системы Казахстана, скрепившим интересы всех этносов, обеспечивающим неукоснительное соблюдение прав и свобод граждан независимо от их национальной принадлежности стала  Ассамблея народа Казахстана, созданная 1 марта 1995 года по инициативе Президента страны Н.А. Назарбаева. Ассамблея Казахстана, являющаяся уникальным общественно-политическим институтом, оптимальной моделью взаимоотношений различных этносов и конфессий. Цель ассамблеи — повседневно слышать голос человека, голос каждого народа любой национальности. Сегодня мы живем в сильном, процветающем и богатом государстве, поэтому уверены в нерушимости нашего единства, успешном будущем своей страны и наших детей. 
  В этот праздничный день желаю вам, вашим семьям и близким благополучия, счастья, мира и добра! Пусть процветает и крепнет наша Родина – Республика Казахстан!

 

Жүр: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген, 
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті,-дей келе әр ұлттың өкілдерінен шыққан

№1 мектеп оқушыларын  қарсы алыңыздар!

Неміс ұлты өкілдері -Вандлер Виктор

             Аслан —   Бромер Евгения.

 Молдаван ұлты өкілдері Лаур Богдан

              Аслан — Розенберг Ксения.

Белорусь ұлты өкілі –Моркевич Илона

Аслан-Украин ұлты өкілі –Дорогокупля Анастасия

Татар ұлты өкілі – Маратова Майнура

Аслан-  Удмурд Поздеева Вероника

 

Вед: Волею исторических событий Казахстан стал родным домом для представителей более чем 130 национальностей. Кто-то приехал добровольно, кого-то выслали сюда по принуждению. История нашей страны помнит голод, разруху и чувство безысходности многих тысяч спецпереселенцев, когда не было надежды на выживание. Но в этих пронизанных буранами степях их согрел и накормил, поделившись последним куском хлеба, бескорыстный казахский народ.

Сегодня многие представители этнических меньшинств считают Казахстан своей Родиной, живя бок о бок с другими нациями, уважая чужие обычаи и традиции. Государство прикладывает немало усилий для поддержки деятельности более 500 национально-культурных объединений.

Мой край родной,Республика свободных

Великих  наций,разных языков,

Оценят здесь обычаи народов

Советы мудрых стариков.

Я прошлым Родины горжусь

Истоки языков познать стремлюсь

Узнай родной язык

В нем сила и свобода

Узнай родной язык,

В нем государства гордость.

Я люблю Казахстан за прекрасные степи,

За высокие горы и шумные реки.

За орла, что парит в высоте надо мной,

И за солнце люблю, и за неба покой.

За богатство народа люблю,

За его доброту, чистоту,

За единство и дружбу людей,

За их честность и мудрость идей.

Жүр: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 
Көші-қонның зерделенген тарихтың, Тарихшылар баяндайды ақиқаттың жай күйін, — деп сөз кезегін аудандық музейдің ғылыми қызметкері  Нұрмұханова Бекзада                                  береміз.

Жүр:Біз қазақ халқыТағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз! Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік Атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

Вед: С первых дней независимости глава государства Нурсултан Назарбаев уделяет большое вимание сохранению мира на нашей земле. Благодаря чему сегодня Казахстан стал примером согласия и единства для многих стран. Во всех достижениях республики есть весомый вклад уникального общественного института-Ассамблеи народа Казахстана, агосударством создается все условия для сохранения и развития культуры, традиций представителей всех этносов, проживающих в стране.

Жүр: Келесі сөз кезегі Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елеутов Қайрат Нағашыбайұлына беріледі

Следующее слово предоставляется директору районной библиотеки Таимовой Айгуль Жакуповне.

  Жүр: Бақыттың бастауы-бейбітшілік. «Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.Осылай , елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық-бір ел-бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.

Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды.

Ел иесі-қазақ халқы да ешкімге шет қақпайлық көрсеткен жоқ.

Ұлтына, тілі мен діліне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін ата заңымызда айқындап алдық.

Жүр: Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қылмай, алыс болашағымыздың темірқазығы «Қазақстан 2050» стратегиясын қабылдадық.

 «Бір халық»-бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» — бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» — бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Жүр: Бүгінгі мерекелік шарамызды әсем әнмен аяқтағымыз келіп отыр. №1мектеп мұғалімі Рузавин Артем Анатольевич және оқушысы  орындауында «Мой  Казахстан!» әні.

 

Жүр: Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

«Қазақстан – бірліктің берекелі бесігі» «Казахстан-колыбель единства народов»«Қазақстан – бірліктің берекелі бесігі» «Казахстан-колыбель единства народов»«Қазақстан – бірліктің берекелі бесігі» «Казахстан-колыбель единства народов»

 

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий