«Оқырмандар шоқжұлдызы-2024» марапаттау рәсімі

20 желтоқсан күні Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен дәстүрлі шараға айналған өтті.

Шара барысында қаламыздың мектептері, колледждері, балабақшалары және белсенді оқырмандар түрлі номинациялармен марапатталды.

🏆Төмендегідей номинациялармен марапатталды:
✨«Үздік оқырман мектеп-2024» номинациясымен №5 мектеп-гимназиясы марапатталды.
✨«Үздік оқырман балабақша-2024» номинациясымен №5 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы марапатталды.
✨«Үздік оқырман-2024» номинациясын Шүйдебаев Құрманалы ағай иеленді. Ол бір жылда 66 кітап оқыған.
✨«Үздік кішкентай оқырман» номинациясымен Жеткерген Асия марапатталды. Ол бір жылда 77 кітап оқыған.
✨«Белсенді класс» номинациясын №3 орта мектебінің 3 «А» сыныбы иеленді (жетекшісі: Жаппақова Ақтолқын Жолбосынқызы).
✨«Кітапхана серіктестігі» номинациясымен Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі марапатталды.
🏆Сонымен қатар, кітапхана өткізген мәдени шараларға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды:
• №7 гимназия мұғалімі Ильясова Жайнагүл Жанатқызы;
• №5 гимназия тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сүйінова Енілікгүл Тілекбайқызы;
• Мектептен тыс білім беру орталығының «Жас суретші» үйірмесінің жетекшісі Дүйсенова Айнаш Есентүгелқызы;
• «Жалын» вокал үйірмесінің жетекшісі Аманкелдиев Ерхат Абылахатұлы.

🏆«Креативті жас маман» номинациясымен аудандық кітапхана қызметкерлері марапатталды:
• Бертакова Әсел Айтуғанқызы;
• Орынбаева Анар Әзижанқызы;
• Алмұратова Асия Полатқызы;
• Қазбаева Жанар Мұратқалиқызы.

Барлық қатысушыларға шексіз алғысымызды білдіреміз! Кітап оқу арқылы рухани байлық пен шабыт ала беріңіздер!

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор публикации

не в сети 4 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 609Регистрация: 20-10-2021