«Парасат биігіндегі қаламгерлер» атты әдеби кеш

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Сара Мыңжасарованың шығармашылығын оқырманға насихаттау мақсатында «Парасат биігіндегі қаламгерлер» атты әдеби кеші болып өтті.

📚Кешке №1 Хромтау орта мектебінің оқушылары мен аталмыш мектептің кітапхана қызметкері қатысты. Кеш барысында қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Баян Тойбазарқызы ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Сара Мыңжасарованың өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталды. Ал, кітапханашы Бейбіткүн Каметияқызы кітап көрмесіне шолу жасап , оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

📚Ақын Сағи Жиенбаевтың өлеңдері оқылып, танымал әндері тыңдалды. Кешті аудандық орталық кітапхананың әдіскері Жанар Мұратқалиқызы ақын Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған «Ана» әнімен қортындылады.

Толығырақ — https://www.instagram.com/reel/C39MSs1ofzJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 572Регистрация: 20-10-2021