«Өлеңмен өрілген шағала ғұмыр» атты әдеби кеш

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, «Жайықтың ақ шағаласы» атанған Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына арналып аудандық кітапханада «Өлеңмен өрілген шағала ғұмыр» атты әдеби кеш өткізілді. 🔹Кешке ауылдық, аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды, өлеңдері оқылды. https://www.instagram.com/reel/C_BA3miMIl_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Оқырмандарды ортақ қызығушылыққа тәрбиелеудегі озық тәжірибелер» семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 23- тамыз күні Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ауылдық,аудандық қызметкерлерінің қатысуымен «Оқырмандарды ортақ қызығушылыққа тәрбиелеудегі озық тәжірибелер» семинар-тренинг өтті. 🔹Семинар бағдарламасында : «Әдебиетке жаңа көзқарас: жаңа авторлар мен шығармалар» - кітап көрмесіне библиографиялық шолу, «Оқырман көкжиегі «Қарлығаш» қызығушылық клубы» - жарты жылдық есебі, «Жаңа кітап – жаңа әлем» - жаңа әдебиеттермен таныстыру, «Жаз. Кітап. Оқырман» кітапханалық жазғы оқу бағдарламасы аясында жазғы демалыс уақытында жүргізген жұмыстарына шолу, «Керемет көңіл күй сыйлау» психологиялық тренинг ұйымдастырылып өтті. 🔹Семинарды қортындылай келе ауылдық кітапханашылар тәжрибе алмасу барысында өз жұмыстарымен бөлісіп,өз ойларын ортаға салды. https://www.instagram.com/reel/C_AvWtgs7yg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Әлем менің көзіммен» сурет байқауы

⚜️Хромтау аудандық балалар кітапханасы «Ерекше балалар-ерекше әлем» жобасы аясында «Әлем менің көзіммен» атты еркін тақырыпта онлайн сурет байқауын ұйымдастырды. 🔹Байқауға қаламыздағы инклюзивті оқитын балалар қатыстырылды. Балалар салған суреттер бір қолдан шыққандай әсер қалдырды. Себебі бәрі де жылы күнді, өздері тұратын үйлерін, жасыл табиғатты бейнелеген. 🔹Шара барысында мектептен тыс білім беру орталығының оқушылары балаларға көңіл күй ,қуаныш сыйлайтын ән мен күй орындап берді. 🔹Шара соңында байқауға демеушілік жасаған ауданымыздың «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сыйлықтарын табыстады.

0 комментариев