«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»танымдық іс-шара

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты танымдық іс-шара өткізілді. 🤝 Іс-шараға Мектептен тыс білім беру орталығының мамандары, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, кітапхана қызметкерлері және мектепшілік лагерь оқушылары қатысып, ел рәміздерінің тарихы мен маңызы туралы құнды мәліметтер алды. 🎶 Шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. 🇰🇿 Қатысушыларға: 🔹 Мемлекеттік Тудың, 🔹 Мемлекеттік Елтаңбаның, 🔹 Мемлекеттік Әнұранның авторлары туралы ақпарат беріліп, 🔹 олардың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи маңызы кеңінен түсіндірілді. ❓ Танымдық бөлімде рәміздерге байланысты викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерін сынады. 📖 Сонымен қатар, «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, тақырыптық әдебиеттер таныстырылды. 🌟 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және қастерлеуге тәрбиелеу.

0 комментариев

Олжас Сүлейменовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қайсар рухты ақын» атты поэзия кеші өтті.

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қайсар рухты ақын» атты поэзия кеші өтті. 🎯 Кештің мақсаты – мерейтой иесінің өмір жолы мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыру. 👩‍🎓👨‍🎓 Кешке Хромтау тау-кен техникалық колледжі студенттері қатысты. 📖 Шара барысында студенттер ақынның шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқыды, өмірі мен шығармалары туралы сұрақтарға жауап беріп, рухани тағылым алды. 🎥 Сонымен қатар, ұсынылған мәліметтер мен бейнематериалдарды қызығушылықпен қабылдады. 📚 Оқырмандар назарына біртуар ақынға арналған кітап көрмесі ұсынылды.

0 комментариев

Құрметті оқырмандар! Кітапхана қорына жаңа әдебиеттер келіп түсті. Қазіргі таңда құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімі жаңа кітаптарды «WEB RABIS» бағдарламасына енгізу жұмыстарын жүргізуде. Барлық кітаптар толықтай тіркеліп, өңделгеннен кейін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінен алып оқуға мүмкіндік болады. Жаңа кітаптармен бірге рухани әлеміңізді байытып, қызықты туындылармен қауышуға асығыңыздар! 📖

0 комментариев