«Еліміздің бірлігі – жарқын болашағы» жылжымалы кітап көрмесі

25 қазан – Республика күніне орай Хромтау аудандық кітапханасы Мәдениет орталығында «Еліміздің бірлігі – жарқын болашағы» атты тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде еліміздің тарихы, тәуелсіздік жолы, ұлттық құндылықтары мен жетістіктерін дәріптейтін әдебиеттер ұсынылды. Сонымен қатар, «Кітап оқитын ұлт – өркендеген ұлт» атты кітап көрмесі жасақталып, келушілер арасында блиц-сұрақтар мен сауалнама өткізілді. Қатысушылар кітап оқу мәдениеті туралы ой-пікірлерімен бөлісті. 📚 Мақсатымыз – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру.

0 комментариев

«Сайын даланың сұңғыла суреткері» атты оқырмандар конференциясы

Кітапханада «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесіне және қаламгердің 90 жылдық мерейтойына арналған «Сайын даланың сұңғыла суреткері» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты – Сайын Мұратбековтің шығармашылық мұрасын насихаттау, оқырмандардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Шараға № 3 Хромтау орта мектебінің оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкерлері жазушының өмірі мен шығармашылығына, «Жусан иісі» повесінің жазылу тарихына қысқаша тоқталып, кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Конференция барысында қатысушылар шығарманың басты кейіпкері Аянның тағдыры, соғыс жылдарындағы балалардың ауыр өмірі мен балалық шақтың қасіреті туралы ой бөлісті. Сонымен қатар шығарма арқылы бейбітшіліктің қадірі, адамгершілік пен үміттің маңызы кеңінен талқыланды. Шара соңында қатысушылар жазушының шығармаларының тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын білдірді.

0 комментариев

Гүлдеу» кітабының тұсаукесері өтті! 

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында аудандық кітапханада жас ақын Сағыныш Оразайқызының «Гүлдеу» атты жаңа кітабының тұсаукесер кеші өтті. Авторға шығармашылық шабыт, толағай табыс және оқырман жүрегінен орын алар жаңа туындылар тілейміз! Толығырақ  

0 комментариев