«ТІЛ – ТАРИХТЫҢ АЙНАСЫ» БАЙҚАУЫ

2026 жылғы 15 қыркүйек күні Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Хромтау аудандық кітапханасында өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл – тарихтың айнасы» атты байқау өткізілді. 🎉 🎯 Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін дамыту және қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін қолдау. 👥 Байқауға 7 қатысушы қатысып, өз бақтарын сынады. 🏆 Сайыс 4 кезең бойынша ұйымдастырылды: 1️⃣ «Таныстыру» 2️⃣ «Мақал-мәтел» 3️⃣ «Тіл – тарихтың айнасы» 4️⃣ «Өз өнері» 🎤🎭 ✨ Қатысушылар әр кезеңде өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 💫 Әр кезең қызықты әрі тартысты өтіп, қатысушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдылары мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін байқатты. 🥇 Байқау қорытындысы бойынша: 🏆 І орын – Ақжар орта мектебінің 11-сынып оқушысы Иванова Светлана 🥈 ІІ орын – Ширяева Тамара 🥉 ІІІ орын – Семенко Григорий 🌟 Сондай-ақ белсенділік танытқан қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

0 комментариев

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» – КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРАЙЫҚ!

15 қыркүйек күні Хромтау аудандық кітапханасында өткен «Тіл – тарихтың айнасы» байқауы барысында қатысушыларға «Оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны туралы ақпарат берілді. 📖 💡 Марафонның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін арттыру және оқырмандарды отандық әдебиетке қызықтыру. 📱 Шараға қатысушылар марафонға қызығушылық танытып, тіркеуден өтті. ✅ 📖 Кітап оқыған ұлт – рухани бай ұлт! 🌟 Сіз де «Оқитын ұлт» марафонына қосылыңыз!

0 комментариев

«Ұмытылған ұлттық дәстүрлер: тәрбие мен тағылым» этнографиялық таным сағаты

11 қыркүйек күні Отбасы күніне арналған «Ұмытылған ұлттық дәстүрлер: тәрбие мен тағылым» атты этнографиялық таным сағаты өтті. 🎯 Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың отбасы тәрбиесіндегі маңызын түсіндіру, қазақ халқының отбасылық дәстүрлерін, ұлттық тәрбиесі мен ата-баба жолын жас ұрпаққа насихаттау. 👥 Шараға Мектептен тыс білім беру орталығы үйірмелерінің ата-аналары және аудандық балалар бөлімінің оқырмандары қатысты. 🏺 Таным сағаты аясында арнайы этнографиялық бұрыш ұйымдастырылып, қазақ халқының ұлттық бұйымдары таныстырылды. 🎥 Қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлері мен жөн-жоралғылары туралы қысқаша бейнеролик көрсетілді. 💡 Қатысушыларға танымдық сұрақтар қойылып, ұлттық дәстүрлерге қатысты білімдері сыналды. 🎁 Белсенділік танытқан оқырмандарға естелік сыйлықтар табыс етілді. ❤️ Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ұрпақ тәрбиесінің берік негізі. 🌸 Дәстүр – ұлттың рухани қазынасы, отбасы – тәрбиенің алтын бесігі!

0 комментариев