«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша «Тағдыр – ұлт тарихының көркем шежіресі» атты оқырмандар конференциясы өтті.
🎯 Іс-шараның мақсаты – Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылық мұрасын насихаттау, «Тағдыр» романы арқылы қазақ халқының тарихи тағдырын, ұлттық болмысын және елдік құндылықтарын таныту.
Конференцияға Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттер роман мазмұнын талдап, шығармада бейнеленген қазақ халқының басынан өткерген тарихи кезеңдері мен тағдырлы оқиғалар туралы өз ойларын ортаға салды.
📖 Іс-шара барысында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, жазушының шығармашылық жолы мен әдеби мұрасы таныстырылды.
Сонымен қатар, «Демежан Келгенбайұлы – жаңа тұрпатты ұлттық қайраткер» тақырыбында баяндама жасалды. Баяндамада романның басты кейіпкері Демежанның ел үшін атқарған ерен еңбегі, биік рухы, парасаттылығы мен отаншылдық қасиеттері кеңінен сөз болды.
✨ «Тағдыр» – жеке адамның ғана емес, тұтас бір халықтың тарихи тағдырын, елдік рухын бейнелейтін тағылымды шығарма.