«Сайын даланың сұңғыла суреткері» атты оқырмандар конференциясы

Кітапханада «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесіне және қаламгердің 90 жылдық мерейтойына арналған «Сайын даланың сұңғыла суреткері» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.
Конференцияның мақсаты – Сайын Мұратбековтің шығармашылық мұрасын насихаттау, оқырмандардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
Шараға № 3 Хромтау орта мектебінің оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкерлері жазушының өмірі мен шығармашылығына, «Жусан иісі» повесінің жазылу тарихына қысқаша тоқталып, кітаптарына библиографиялық шолу жасады.
Конференция барысында қатысушылар шығарманың басты кейіпкері Аянның тағдыры, соғыс жылдарындағы балалардың ауыр өмірі мен балалық шақтың қасіреті туралы ой бөлісті. Сонымен қатар шығарма арқылы бейбітшіліктің қадірі, адамгершілік пен үміттің маңызы кеңінен талқыланды.
Шара соңында қатысушылар жазушының шығармаларының тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын білдірді.

Автор публикации

не в сети 4 часа

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 752Регистрация: 20-10-2021